68
Күләш
Күләштің өнерді қастерлеп, ән-күйге әуес болып
өсуінде белгілі бір заңдылық та жоқ емес.
Әкесі Жасын – әжептәуір әнші болған, сері адам.
Кезінде әйгілі Әсетпен, Балуан Шолақпен бірге де
жүріпті. Бір ағасы Манарбектің әншілігі – анау, Айт-
бек ағасы да әнді әдемі салатын, сырнайға қосылып ай-
татын. Осындай ортада өсіп, тәрбие алған Күләш өнерге
жақын жүрмей қайтсін?!
Күләш табиғатында ашық-жарқын, көңілді жүретін
адам еді. Титтей нәрсеге бола қуана салатын, оны
қуанту оңайдың оңайы еді. Ренжи қалса, реніші көпке
ұзамайтын, кек сақтап қатып қалу дегенді білмейтін.
Таланты қандай жарқын болса, мінезі де сондай жарқын
жан болатын.
Достарыңызбен бөлісу: