Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ



Pdf көрінісі
бет15/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   136
1.13 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗГІ 
СИПАТТАРЫ
Құқықтық мемлекеттің ұғымы. Құқықтық мемлекеттің идеясы 
мен мұраттарын жаппай тарату қазіргі уақыттың құбылысы болды, 
адамдар бұл құбылыспен мемлекеттік және қоғамдық өмірдің 
демократияландыру перспективасын, әділдік пен адамгершіліктің 
жетістіктерін  байланыстыруда.  Осыған  байланысты  құ-
қықтық  мемлекет  ұғымын  ашу,  оның  ерекшеліктерімен 
ерекше  сипаттарын  баяндау,  қоғам  өміріндегі  ақиқат  ролін 
көрсету үлкен теориялық және практикалық мәнге ие болды.
Құқықтық  мемлекет  мемлекеттік  басқарудағы  құқықтық 
басымдығы идеясынан шығып отыр, сондықтан да тек қанаресми 
органдар мен лауазымды тұлғалардың ниетін емес, сондай-ақ 
азаматтардың  және  қоғамдық  өмірдің  басқа  субъектілерінің 
құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз етіп, 
кепілдік беру қажеттігін де ескеретін құқықтық нысандар мен 
әдістерге  басымдық  береді.  Құқықтық  мемлекетке  барлық 


56
экономикалық,  әлеуметтік  және  рухани  процестерге,сондай-
ақ жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынас саласына 
кірісу  жат  құбылыс.  Ол  қоғамдық  қатынасқа  түсушілердің 
арасындағы әрекетке айтарлықтай автономия мен бостандық 
бере  отырып,  олардын  құқықтық  мәртебесінің  нығаюына 
айрықша  қамқорлық  көрсетеді  және  оның  сақталуын 
қадағалап отырады.
Өзінің бүкіл қызметінде барлық азаматтар мен қоғамдық 
қатынастың басқа субъектілерінің міндетті түрде және сөзсіз 
бағынуына  есептелген  қатал  басқарушылық  және  бұйрықты 
нұсқаулардың  нысандары  мен  әдістері  басым  болып  келетін 
эталистік мемлекет оған қарама-қарсы болып табылады. Бұдан 
басқа,  аталған  субъектілердің  бостандығы  мен  дербестігі, 
олардың  мемлекетке  қатысты  автономиялығы  жоққа  тән. 
Мемлекеттің ролінің шектен тыс, кейде қалыптан тыс ұлғаюынан, 
экономиканың, әлеуметтік қатынастардың барлық салаларын, 
азаматтардың жеке өмірін тікелей өз қарауына және бағынысына 
алуға деген талпынысынан, екінші кезектегі және ұсақ-түйек 
мәселелерді шешуге араласуынан тұратын этатистік қоғамның 
басқа ерекшелігі де осымен байланысты. Жекетұлғаның және 
басқа қоғамдық қызмет субъектілерініңжағдайы текайқын да 
тұрақты  заң  нұсқауларынан  ғана  емес,  олардың  күнделікті 
араласып  отырған  мемлекеттік  органдар  мен  лауазымды 
тұлғалардың субъективті қарауына да байланысты.
Мемлекеттің жоғарыда аталған екі тобының арасында аралық 
типтегі түрлі мемлекеттер болады, оларда бірінші және екінші 
типтің белгілері үйлесіп жатады. Олардың кейбіреуі этатистік 
мемлекеттерге анағұрлым жақын, алайда сөйте тұражеке құқықтық 
принциптер мен бастауларға бағынуға тырысады. Басқалары 
этатизмнің  белгілерін  жоғалтпай-ақ  құқықтық  мемлекетке 
жақындауда.
Құқықтық  мемлекеттердің  пайда  болуы  мемлекеттік-
құқықтық процестердің ұзақ эволюциясының заңды салдары, 
реакциялық институттардың орнына озат, прогрессивті және 
тиімді институттардың өзіндік ерекше «селекциясы» мен мұқият 
іріктелгендігінің нәтижесі болып табылады. Бұған мемлекеттік 
басқарудың құқықтық нысанының әміршілдік-әкімшілдік және 
полицейлік-бұйрықтық  нысандарынан  басымдығын  және 
пайдалығын теориялық ұғыну негіз болды. Құқықтық мемлекеттің 


57
теориялық бастаулары түбірімен өткен шаққа айналды деуге 
болады. Көне заманның озық ойшылдары (Платон, Аристотель 
және  басқалар)  құқықтың  позитивті  ролін  ескермейінше, 
мемлекеттің құрылымы мықты, тұрақты және сенімді болуы 
мүмкін  емес  деген  пікірлер  айтып  кеткен.  Құқықтың  рөлі 
мемлекеттік басқарушылардың озбырлығына тепе-теңдікретінде 
қаралды: заң әлдекімнің билігінде болмауы керек,өйткені барлық 
органдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың әрекетін 
бағыттап отыруға арналған.
Алғашында бытыраңқы және кезде жекелеген болжамдар 
түрінде  пайда  болған,  кейіннен  осы  идеялардың  негізінде 
құқықтық мемлекеттің тұтас тұжырымдамасы қалыптасты. Оның 
негізін салушылар ретінде Дж. Локкты, И.Кантты, В.Гумбольдты, 
Г.Еллинекті, К.Шмитті және басқаларды атауға болады. Жекелеген 
мәселелер бойынша бұл ойшылдардың бір- бірінен ерекшелігі 
болғанымен, басты мәселеде құқықтық нұсқауларды мемлекет 
өзі сөзсіз орындап отыруы қажет екендігінде және қоғамдық 
өмірге  қатысушылардың  барлығынан  осыны  талап  етуінде-
олардың ойы бір жерден шығып отырды. 
Құқықтық  мемлекеттің  теориялық  тұжырымдамасының 
ережелерін  бірқатар  елдердің  өмір  тіршілігінде  практикадан 
өткізу консервативтік күштердің қарсылығына тап болды және 
оны күресте жеңе отырып, мемлекеттік және қоғамдық қызметтің 
барлық жағының терең жаңғыруымен бірге жүрді, мемлекеттік 
жүйенің  принциптері  жетілдірілді,  жеке  адамныңмәртебесі 
айқын  мазмұнмен  толықты,  құқықтық  құндылықтар  бірінші 
дәрежелі маңызға ие болды, шенеуніктердің бассыздығы азайып, 
олардың қызметі біртіндеп реттелген және тәртіптелген арнаға 
түсе бастады.
Адамзат қоғамындағы саяси дамудың жаңа кезеңінің белгісі 
құқықтық мемлекеттер «отбасының» пайда болып, көбеюі.Бұл-
мемлекеттік-құқықтық теория мен практиканың ғажап жетістігі, 
бүгінгі заманға өркениеттің орнығуы. Құқықтық мемлекеттер 
өзінің  өмір  сүру  фактісімен,  өмірдің  барлық  саласындағы 
күнделікті  табысымен  басқа  елдерге  бағдар  болуда,  оларға 
әділетгі адамгершілік қоғам құрудың жолын кәрсетуде.
Ең  дұрысы  бұдан  былай  кұқықтық  мемлекеттердің 
саныәлемде этатистік мемлекеттердің санының азаюы есебінен 
өсетін болады. Бірақ бұл - қарапайым түрде түсіндіруге болмайтын 


58
дамудың  жалпы  тенденциясы.  Әр  түрлі  елдерде  әлеуметгік-
саяси күштердін айқын арақатынасына байланысты болжауға 
киын өзгерістер болуы мүмкін, бұл өзгерістер,мысалы құқықтық 
мемлекеттің деңгейіне жетіп, сосын кенеттен олардан кейінгі 
орнаған тоталитарлық немесе авторитарлық режимдер жағына 
қарай бұрылып кететін жекелеген елдержоғарыда көрсетілген 
дамудың  жалпы  тенденциясына  жатпайды.  Тұтас  алғанда 
прогресс заңды және оның бейнесінің бірі құқықтық мемлекет 
принциптерінің нығаюы болып табылады.
Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері. Құқықтық мемлекеттін 
этатистік  мемлекеттен  принципті  айырмашылығынкөптеген 
көрсеткіштер бойынша келтіруге болады:
1.Құқықтық  мемлекетте  биліктің  бүкіл  механизмі  және 
әрбір орган, әрбір лауазымды тұлға өз қызметінде жеке алғанда 
құқықтық принпиптер және нұсқаулармен байланысты, өздерінің 
барлық шараларын солармен сәйкестендіреді.Құқықтық нормалар 
жұртшылыққа ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен 
лауазымды тұлғалар үшін де міндетті.Олардың құқық шегінен 
шығып кетуі мүлде болмайды немесе мүмкін емеснәрсе. Егер 
этатистік мемлекетте ресми органдармен лауазымды тұлғалар 
құқықты екінші кезектегі және өзіүшін міндетті емес деп санайтын 
болса, мұндай көзкарасқа құқықтық мемлекет жағдайында жол 
берілмейді және ол біртіндеп жойылып та келеді. 
2.Құқықтық  мемлекет  құқық  пен  заңның  арасындағы 
этатистік  мемлекетке  тән  мұндай  үлкен  қарама-қарсылықты 
білмейді. Онда мемлекеттік органдардың барлық нормативтік 
актілері  өзінің  мазмұны  және  бағыттылығы,  қабылдау 
жәнерәсімдеу процедурасы, іске қосу ерекшеліктері, қолдану 
сипаты,  тәртіп  бұзушылықтың  жүзеге  асырылуы  мен  қорғау 
жөнінен  құқықтың  жоғары  критерийлеріне  сай  келеді.  Заң 
құқықтық принциптердің жүйелілігіне негізделеді, одан қалмайды. 
Мемлекеттік органдардың құқыққа қарсы нормативті актілер 
қабылдап, оның жұмыс істеуі іс жүзінде мүмкін емеснәрсе.
3.Құқықтық мемлекет нормативтік нұсқауларды қабылдап 
оны жариялаумен ғана шектелмейді. Ол осы қабылданған нор-
мативтік нұсқаулардың міндетті түрде жүзеге асуына, барлық 
жеке  және  заңды  тұлғалардың,  мемлекеттік  және  қоғамдық 
органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың 
әрекетіне айқын бағыт беруді қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. 


59
Мемлекеттің құқықты жүзеге асыру бағытындағы қызметі при-
оритеттіктің қатарына жатады, «қағаз» жүзіндегі, қолданылмай-
тын заңдардың жоққа саюы осыған байланысты, ал этатистік 
мемлекетте оның «қоқыстарын» ешкімнің тіпті тазалағысы да 
келмейді. Қоғамдық қатынастың әрбір субъектісі мемлекеттік 
органдардың қолданылып жүрген нормативті актілерін орын-
дау міндетті түрде екендігіне көзі жеткендіктен(басқаша болуы 
мүмкін  емес),  құқық  тәртібінің  тұрақты  болуының  айрықша 
жағдайын  жасауға  мүмкіндік  туғызады  жәнеқоғамда  заңдық 
нигилизмнің және адамдардың құқыққа деген менсінбеушілік 
қатынасының тарауына кедергі жасайды.
4.Құқықтық  мемлекеттің  айрықша  атқаратын  шаруасы 
мемлекеттің нормативті актілерінің әрекет етуінің субордина-
циясын сақтау болып табылады. Онда құқық бастауларының 
иерархиялық  қатал  жүйесі  қалыптасады,  әрекет  етеді  және 
дамиды. Бұл жүйедегі әрбір актінің орны оның занды күшіне 
байланысты.  Бұл  жүйенің  шыңын  немесе,  бейнелеп  айтқан-
да,құқық бастауларының «пирамидасын» жоғары заң күші бар 
конституция құрайды. Басқа ешқандай құқық бастаулары ту-
ранемесе жанама мағынасында конституцияның принциптері 
мен  нормаларына  қарама-қайшы  келе  алмайды.  Керісінше, 
мемлекеттік  органдардың  барлық  нормативті  актілері  және 
құқықтың басқа да бастаулары конституцияны негізге алып,о-
ның мазмұнын тәптіптеп, нақтылап және дамытуы тиіс. Кон-
ституциялық және кәдімгі заңдар соған сәйкес түзіледі, ал заң 
пирамидасының келесі «қабаттарын» мемлекет басшысының 
актілері, үкіметтің қаулылары мен жарлықтары, министрліктермен 
ведомстволардың бұйрықтары мен нұсқаулықтары, жергілікті 
өкілді және атқарушы органдардың актілері, құқықтық әдет-
ғұрып, сот және әкімшілік прецеденттері
1
құрайды.
5.Құқықтық мемлекетте жеке адамның және қоғамдық қа-
тынастардың басқа субъектілерінің мәртебесі былайша ерек-
шеленеді, біріншіден, олардың қалыпты тіршілік әрекетін және 
олардың алдында тұрған міндеттерді табысты шешуд іқамтамасыз 
етуге жеткілікті құқықтар мен бостандыктардың кең кешенін 
қарастырады;  екіншіден,  құқықпен  ажырамасбірлікте  болу 
онымен шамалас болуды және міндеттер жүйесінің теңбе-тең 
1
 


60
болуын  міндеттейді;  үшіншіден,  оны  міндетті  түрде  жүзеге 
асыру айқын заң кепілдіктерімен бекітілген. Қоғамдық қаты-
нас субъектілерінің тендігін олардың бір түрі шегінде, таптық, 
ұлттық, рулық-топтық және басқа жеңілдіктерді және олардың 
біреуінің басқалардың мұндай жеңілдіктер мен артықшылықтан 
айрылып қалған жағдайдағы артықшылықтарын бекітуге ты-
рысуы көрініп тұр.
6.Барлық  мемлекеттік  және  қоғамдық  институттар  мен 
құрылымдарды заңды деп тану - құқықтық мемлекеттің ерекшелік 
белгілерінің бірі. Мұнда жеткілікті заң базасына арқасүйемейтін 
институттар  мен  құрылымдар  аз  кездеседі.  Егералда-жалда 
ондайлар  болса, онда ұзақ уақыт тіршілік етуге, және жұмысын 
табысты  жүргізуге  перспективасы  болмайды  және,  жеңуге 
болмайтын  қиындықтарға  кездескен  соңөзі  де  сахнадан  тез-
ақ  кетеді.  Институттар  мен  құрылымдардың  басымкөпшілігі 
белгіленген  ережелер  мен  процедураларды  сақтаған  заңның 
негізінде  құрылады,  және  олардың  мақсаты,  міндеті,қызмет 
етуінің нысаны мен әдісі ресми түрдетәптіптеп регламенттеледі. 
Атап айтқанда, бұл заңды деп танудың тіркеу, рұқсат ету немесе 
лицензиялық тәсілінің үйлесуімен, сондай-ақ тиісті мемлекеттік 
органдардың бақылау-ревизиялық өкілеттігін пайдалануымен 
қамтамасыз етіледі.
7.Құқықтық мемлекетте билікті бөлу принципі жарияланады 
және  жүзеге  асырылады.  Соған  сәйкес  біртұтас  мемлекеттік 
билік шеңберінде бір-бірімен тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін 
пайдаланып өзара іс-қимыл жасайтын дербес әрі төуелсіз үш 
тармаққа    заң  шығарушы,  атқарушы  жәнесот  тармақтарына 
бөліну  қамтамасыз  етіледі.  Бір  билік  тармағының  басқа  бір 
биліктармағын «таптауына», оларды бағынышты жағдайға қоюға 
жол  беруге  болмайды.  Қаралып  отырған  принциптің  мәнісі, 
бір  органда  немесе  бір  лауазымды  тұлғада  биліктің  шектен 
тыс шоғырлануына қарсы әрекет етеді және,оның мемлекеттік 
аппараттың ішінде бірыңғай бөлінуін қамтамасыз ете отырып, 
диктаторлық режимнің орнауына кедергі жасайды.
8.Құқықтық мемлекетте елдің ішкі заңы мен халықаралық 
құқықтың көпшілік таныған принциптері мен нормаларының 
арасындағы тиімді арақатынасты орнату жөніндегі шаралары 
жүзеге асырылуда. Халықаралық құқық көзінің қазіргі заманғы 
құқықтық  өркениеттің  жетістіктерін  нақты  көрсетуде.  Бұл 


61
жетістіктерге құқықтық мемлекет қалай болғанда да қосылады, 
өйткені олар әдетте халықаралық келісімдер приоритетін олардың 
зандары  алдында  орнықтырады  (бәрін  емес,  тек  олардың 
бекіткендерін  ғана)  және  бұл  келісімдер  тікелей  өздерінде 
қолданылады деп айрықша беліп айтады. Осылайша бұл елдердің 
заң жүйесінің сыртқы әлемнен болуы мүмкін оқшаулануы мен 
тасалануынан құтылуға болады: олар әлемдік қауымдастықтың 
құқықтық жүйесіне жақындасқандай болады, оларды қабылдай 
отырып және өзінің нормативті актілерінің жағдайын солардың 
деңгейіне  дейін  жеткізе  отырып,  оның  көптеген  маңызды 
принциптері мен нормаларын қолдана бастайды.
9.Құқық  тәртібі  бұзылғандығы  белгілі  болған  жағдай-
да(әсіресе  азаматтардың  құқығы  мен  бостандығы  бұзылса) 
бірден құқықтық реттеу және құқықтық қорғау механизмі іске 
қосылады,  мұнда  бірінші  кезектегі  роль  сотқа  беріледі.  Бұл 
механизм кешенді түрде жаңа басталған құқық бұзушылықтың 
алдын алуды, бұзылған құқықты қалпына келтіруді, келтіріл-
ген  зиянды  өтеуді  камтамасыз  етуді,  кінәлілерді  жазалауды, 
жаңа  құқық  бұзушылықтың  алдын  алуды,  азаматтарға  және 
қоғамдық  қатынастардың  басқа  субъектілеріне  мемлекеттің 
барлық нормативті нұсқаулары ешқандай ерекше жағдайларды 
ескерместен,  міндетті  түрде  орындалуын  шешеді.  Құқықтық 
мемлекеттің, құқық қорғау және превентивті ескерту қызметі 
құқықтық талаптарды катаң сактауға негізделетіндігі, соның 
негізінде  қоғам  өмірінің  құқықтық«көңіл-күйі»  айтарлықтай 
жоғары болатындығы манызды.
10.Құқықтық қоғам үшін азаматтардың мемлекет алдындағы 
және мемлекеттің азаматтар алдындағы озара жауапкершілігі 
тән. Мемлекет әрбір адамға тумысынан берілетін, ешкім айыра 
алмайтын  құқықтары  мен  бостандықтарын  мойындап  қана 
қоймайды, сондай-ақ олардың ресми рәсімделуі,жүзеге асуы, кол 
сұғушылықтан қорғау үшін барынша қолайлы жағдай туғызуға 
талпынады. Өз кезегінде, азаматтар өздерінің құқықтары мен 
бостандықтарын мемлекетке, басқа азаматтарға, басқа қоғамдық 
қатынастар  субъектілеріне  зиян  келтірмейтіндей  етіп  қана 
пайдалана алады; олар өздеріне жүктелген міндеттерді катаң 
сақтауы керек.
Басқаша айтқанда, мемлекет пен азаматтардың байланысы 
күрделі әрі көп қырлы, ол оларды бірінің біріне деген қарым-


62
қатынасы  тұрғысынан  белгілі  бір  құқықтармен  міндеттегені 
сияқты, бір-бірінің алдындағы белгілі бір міндеттерін орындауы 
түрінде де көрінеді.
Жоғарыда көрсетілген белгілердін жиынтық әрекеті қоғамда 
және мемлекетте құқықтың билік құратындығы, оның үстемдігі,  
басышық  жағдайы қабылданған дегенге алып келеді. Бұл жақсы 
да,  өйткені  құқық-  адамзат  өркениетінің  көрнекті  жетістігі, 
реттеудің жинақталған әлеуметтік тәжірибесінің квинтэссенциясы, 
басқару  және  ықпал  ету,  әділеттіліктін  жалпы  адамзатқа  тән 
құндылықтар мен мұраттарды, демократия мен тәртіпті жүзеге 
асырудың нысаны,мәдениеттің қажетті компоненті. Құқықтың 
қоғам өміріндегі ролін және оның не үшін арналғанын терең 
түсініп, соған лайық іс-қимыл жасайтын мемлекетті құқықтық 
мемлекеттің қатарына жатқызуға болады.
Құқықтық мемлекеттің жоғарыда аталған белгілерін бір-
бірінен бөліп қарамай, біртұтас түрінде алып қараған дұрыс.Егер 
этатистік мемлекеттің құқықтық мемлекетке айналу динамикасын 
қарайтын болсақ, онда мемлекеттілік құрылымындағы, іс-қимыл 
нысандары мен әдістеріндегі, ағымдағы және перспективадағы 
міндеттердің бірте-бірте өзгеруінің сандық тұрғыда жинақтала 
келіп, сосын оның сипаты мен табиғатындағы сапалық өзгерістерге 
алып келетіндігін анықтау маңызды болмақ.
Осылайша,  құқықтық  мемлекет  деп  құқықтық  кұнды-
лықтарға  приоритет  беретін,  жұртшылық  арасында,  сондай-
ақ  мемлекеттік  аппарат  қызметкерлері  арасында  олардың 
биік  беделі  үшін  қамқорлық  жасайтын,  өзінің  бүкіл  іс-
қимылықұқықпен  байланысты,  заң  талабы  шегінде  әрекет 
ететін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол 
бермейтін мемлекетті санауға болады.
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. Құқықтық мем-
лекеттілік азаматтык қоғаммен табиғи байланысқан. Олонсыз 
қалыптасып,  қызмет  етіп  өркендей  алмайды.  Азаматтық 
қоғам-құқықтық  мемлекеттің  маңызды  компоненттері  пайда 
болып, бекіп, өзінін тіршілікке қабілеттілігі мен өміршеңдігін 
көрсететін, жетілдірілетін және өлар үшін өзіндік бір «тіршілікету 
ортасы»  болып  табылатын,  оларға  қажетті  жағдайлар  мен 
алғышарттар жасайтын айқын әлеуметтік-экономикалык қондыр-
ма. Құқықтық мемлекет құрудағы табыстар, бұл процестің өрісі 
мен  қарқыны  оның  оң  жөне  теріс  нәтижелерінің  ара  қатысы 


63
азаматгықка  дейінгі  қоғамның  азаматтық  қоғамға  айналу 
дәрежесіне тура пропорционал тәуелді болып табылады.
Құқықтық мемлекеттің құрылуы мен дамуы өз кезегінде 
азаматтық қоғамның нығаюы мен жетілуін жеңілдетеді, және 
құқықтық емес мемлекеттің құқықтық мемлекетке ауысу процесі 
біріншісінен  екіншісіне  айналуы  неғұрлым  кең  өріс  алса, 
азаматтық қоғамға тірек болатын және оған қызмет көрсететін 
тіректер мен құрылғылар соғұрлым сенімдірек, мықтырақ болады.
Басқаша айжанда, қоғамдық өмірдің аталған екі құбылысының 
(құқықтық  мемлекет  және  азаматтық  қоғам)  арасында  өзара 
келісушілік пен өзара іс-қимыл нысанында екіжақты тәуелділік 
бар: іс жүзінде олардың біреуі екіншісінсіз тіршілікете алмайды; 
бұдан  былай  олар  бір  біріне  серік  болады,  олардың  қызмет 
етуінің нәтижесі бір-бірімен тығыз байланысты және олардың 
әрқайсысына тікелей әсер етеді.
Азаматтық қоғам әдетте, жеке меншіктің және нарықтық 
қатынастардың,  орта  таптағы  меншік  иелерінің  ролінің 
артатүсуімен,  бәсекелестік,  шұғылдық,  парасатты  есептей 
білунегізіндегі шаруашылық және коммерциялық табыстарға 
қол жеткізілуімен сипатталады. Әлеуметтік толысудың белгілі 
бірдеңгейіне жеткен соң азаматтық қоғам мемлекеттің диктатын 
өзіне дарытпайтын жағдайда болады, онымен тең және белгілі 
бір  тепе-теңдік  орнатып,  үйлесімді  қатынастар  мен  өзара 
әрекеттестікті  калпына  келтіреді.  Азаматтық  қоғамның  одан 
әрі жетілдірілуіне қарай онда мемлекетпен, социумдарымен, 
жеке тұлғалармен байланыстары жаңа деңгейге көтеріледі, олар-
дың біреуінің екіншісінен шектен тыс басымдығы болмайды. 
Қоғамда пайда болған жанжалдар, қарама-қайшылықтар және 
шиеленістер жария құралдармен, зорлықсыз, басып-жаншусыз, 
революциясыз шешіледі.
Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам бір біріне жақын 
болғанымен әр түрлі мәселелерді тікелей шешеді. Егер мемлекет 
өзінің  конституциялық  және  заң  актілерінде  жеке  адамның 
құқықтық  мәртебесін  баянды  ететін  болса,  онда  азаматтық 
қоғам  оны  жоғары  әлеуметгік  мәртебемен  қамтамасыз  етеді. 
Мәртебенің бұл екі түрі жеке адамның өмір тіршілігінің әр түрлі 
жақтарына акцент береді, бірін-бірі толықтыра отырып, оған 
өзінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуіне мүмкіндік 
береді. Әлеуметтік мәртебе материалдық, ұйымдастырушылық-


64
техникалық  мүмкіндіктерді,  сондай-ақ  әрбір  қоғамға  тән 
таптық-топтық,  ұлттық-этникалык,  социумдық  байланыстар 
мен  қатынастардың  артықшылықтарын  анықтайды.  Қоғам 
бұл  мүмкіндіктер  мен  артықшылықтарға  өзінің  мүшедерін 
араластырады. Қоғамның қарамағында мұндай мүмкіндіктер мен 
артықшылықтар неғұрлым көп болса, азаматтар оны соғұрлым 
толығырақ пайдалана алады. Оларқұқықтық мәртебенің мазмұнын 
құрайтын  мүмкіндікті  нығайтады.  Олар  болмаса  құқықтық 
мәртебенің жүзеге асырылуыкемиді.
Мемлекет пен қоғам пайдаланатын жауаптылық институт-
тарының арақатынасы да ұқсас. Құқық тәртібін бұзушыларды 
мемлекет заңдық жауапкершілікке тартады, ал құқықтық емес 
бұзушылықтар  қоғамдық-моральдық  ықпал  ету  шараларын 
қолданумен шектеледі. Мұндайда жауаптылықтың көрсетілген 
институттары үйлесімділік пен өзара толықтыру жағдайында 
қолданылады.
Азаматтық  қоғам  өзінің  сипатына,  табиғаты  мен  негізгі 
сапасына  қарай-атап  айтқанда  бостандық  пен  әділеттілікке 
қолжеткізуді көздегеніне, демократия мен адамгершілік қарым-
қатынастың  орныққанына  қарай  –құқықтық  мемлекеттің 
принциптерін нығайтуды жеңілдетеді, ол тіпті соларға бейімделген 
сияқты да. Бұл нақтылы неден керінеді? 3 факторды ғана атап 
өтейік: 
- қоғамдық пікірде құқықтың жоғары имиджі, заң институт-
тары, принциптері мен нормаларының беделі мен шүбәсіздігі 
негізделіп, таратылады;
- құқық талаптарын елемеу және бұзу қалыпты емес деп 
бағаланатын жағдай туғызылады, олар көпшілік мойындаған 
әлеуметтік тәртіпке сыйыспайды;
-  қоғам  құқықты  игерудің  өзін  заң  механизмдерімен 
толықтырушы белгілі бір әлеуметтік және рухани механизмдерін 
дайындап  шығарады,-олардың  қатарына  азаматтың  қоғам 
жағдайында адамдарда қалыптасатын жеке адамға тән адамгершілік 
парыз, азаматтылық сезімі, өзіне талап қоя білушілік, өзін-өзі 
тәртіпке  келтіру,  әділетсіздікпен  ымырасыздық,  әлеуметтік 
белсенділік сияқты қасиеттерді жатқызуға болады.
Осылайша, азаматтық қоғамды қалыптастыру және құқықтық 
мемлекет  құру  процестері  бірін  бірі  итермелеп,  бірі  үшін 
екіншісі өзара колайлы жағдайлар мен алғышарттар туғызады. 


65
Бұл процестің екеуі де жалпы және тұтасынан алғанда қатар 
жүреді, ал нақты өмірде олардың біреуі бір кездері біреуінен озып 
кетуі немесе қалып коюы мүмкін. Бірақ, аталған процестердің 
өтуінің оқтын-оқтын бұзылатын «синхрондығы» кейін қоғамдық 
дамудың барысымен қалпына келтіріледі.
Азаматтыққа дейінгі қоғамның азаматтық және этатистік 
мемлекеттің құқықтық мемлекетке айналуын бір сәттік немесе бір 
реттік шара ретінде қарауға болмайтындығын атап өту маңызды. 
Бұл  дамудың  тұтас  бір  бөлігін  камтитын  және  ұзақ  уақытқа 
созылатын күрделі әлеуметтік-экономикалық, саяси,мемлекеттік-
құқықтық және рухани процестер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет