Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және белгілері Әкімшілік жауапкершілік



Дата06.01.2022
өлшемі21,06 Kb.
#15712

  1. Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі және белгілері

Әкімшілік жауапкершілік — азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі” қолданылады. Осы құжат бойынша әкімшілік жауапкершілікке құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарын — сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын — сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген.

Әкімшілік жауапкершіліктің белгілері:

  • қоғамдық тәртіпті қорғау амалы болып табылады. Қоғамдық тәртіп - Азаматтың қадір-қасиеті мен басқа құқықтарын, меншіктің барлық нысандарын қорғау, қоғамдық орындарда тыныштықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, адамдардың өзара араласуының қалыпты қызметіне жағдай туғызу, адамның жеке басына тиіспеушілікті қамтамасыз ету мақсатында, арнайы нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар жүйесі.

  • мәжбүрлеумен байланысты, яғни құқық бұзушы үшін жағымсыз салдармен;

  • іс-жүргізу нысанында жүзеге асырылады;

  • сотпен, сондай-ақ өзге де уәкілді органдармен қолданылады. Сот – сот төрелігін жүзеге асыру, құқық бұзушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдану жолдарымен қоғамның және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін заңсыз қол сұғушылықтан қорғайтын мемлекеттік орган.

  • соттауға болмайды және жұмыстан шығарылмайды;

  • жұмыс орнына қарамастан, барлық азаматтарға бағытталған. Азамат ұғымын мемл. деңгейде қарастырғанда, ол қоғамның тең құқықты мүшесі мәніне ие болады. Ғылыми-теориялық қырынан қарағанда бұл адам құқығы мен азамат құқығының аражігін ажырататын да ұғым. Өйткені азамат белгілі бір мемл-тің, саяси бірлестіктің тең құқықты мүшесі және оның барлық саяси құқықтарына ие тұлға ретінде әрекет етеді.



  1. Әкімшілік жауапкершіліктің негізі ретінде әкімшілік құқық бұзушылықтың түсінігі мен белгілері

Әкімшілік құқық бұзушылық - әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншікке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын сол үшін заңдармен әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңды белгілері:



а) құқыққа қарсылық – бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер жасау болып табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар құқықтың бірнеше басқа салаларынікі де болуы мүмкін.

Бірақ, белгіленген нормаларды сақтау әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалады.



б) кінәлілік, яғни құқыққа қарсылық әрекетті қасақана немесе абайсызда жасау. Заң бойынша егер құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған адам оның сипатын біле тұра, өз қылығының зиянды зардаптарын болжай тұра, мұны тілеп істесе немесе бұл зардаптардың болуына саналы түрде жол берсе, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.

Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің зиянды зардаптары болуы мүмкін екенін біле тұрса да, біріақ жеңілтектікпен ондай зардаптар болмас деп ойланған болса, не болжауға тиіс және болжай алатын болса да, ондай зардаптар болуы мүмкін екенін болжамаған болса, әкімшілік құқық бұзушылық абайсыздықпен жасалған деп танылады.

Құқық теориясында әдейі және жанама болып бөлінеді, ал абайсыздықтың қылмыстық менмендік немесе қылмыстық салақтық түрлері бар. Мысалы, ұсақ бұзақылық, ұсақ ұрлық, тыйым салынған тәсілмен аң аулау тағы сол сияқтылар – осылардың бәрі және соларға ұқсас әрекеттер тек қана қасақана жаалуы мүмкін. Көптеген әкімшілік құқық бұзушылықтар абайсыздықтан жасалынады, мысалы, жол жүру, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, тағы сол сияқтылар.

Кінә – әкімшілік құқық бұзушылықтың міндетті белгісі;ол болмаса адамды әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз жоқ деп табылады.



в) қоғамға зиянды деп азаматтың, қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне зиян келтірілетін әрекет танылады. әкімшіл жауаптылық институтының шеңберінде қандай әрекет қоғаға қарсы деп табылатыны заңдармен белгіленеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет