190
Мемлекеттің атқарушы органдары қатысушы болатын кез-
келген қоғамдық қатынастардың бәрі бірдей басқарушылық
болып табылмайтынын айту керек.Бұл органдар құқықтың
басқа салаларының нормаларымен реттелінген іс-қимылдарды
атқара алады.Мысалы, олар мүліктік мәмілелер жасай алады.Бұл
сияқты іс-қимылдар азаматтық құқық нормаларымен реттеледі.
Олар осы органдардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз
ету үшін шаруашылық және қаржылық қызмет атқарады және
өзінің мәні бойынша басқарушылық болып табылмайтын басқа
жұмыспен айналысады.
Сонымен, тиісті орган атқарушы-өкім етуші қызметтік тек
нақтылы жүзеге асырған кезде ғана осы сияқты шын мәніндегі
басқарушылық болып табылатын қоғамдық қатынастар пайда
болады, сондықтан да әкімшілік құқықтық реттеуге жатады.
Мемлекеттік басқару тәжірибесі мына төмендегі қоғамдық
қатынастарды басқарушылық қатарына жатқызуға болатындығын
дәлелдеп отыр:
а)мемлекеттің атқарушы органдарының арасындағы олардың
иерархиялық (сатылық) бағынысты тәртібі бойынша қатынстар.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен салалық
министрліктердің, олардың аймақтық органдарының, мемлекеттік
кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың арасындағы
өзара қарым-қатынастары.
б) біріне-бірі бағынышты емес әртүрлі мемлекеттік басқару
органдарының арасындағы қатынастар.Мысалы, заң жүзінде
тек құқылы Қазақстан Республикасының екі министрлігінің,
тең құқылы жергілікті атқару органдарының және басқалардың
арасындағы
қатынастар;
в) мемлекеттік басқару органдарының және оларға бағы-
нышты мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың арасындағы
қатынастар.Мысалы, Қазақстан темір жолымен оның еншілес
мемлекеттік кәсіпорындардың
арасындағы қатынастар;
г) мемлекеттік басқару органдарымен және әртүрлі мем-
лекеттік емес кәсіпорындар мен ұйымдардың; акционерлік қо-
ғамдардың, шаруашылық серіктестіктердің және басқалардың
арасындағы қатынастар.
д) мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық
бірлестіктердің арасындағы қатынастар;
191
е) мемлекеттік басқару органдарымен және Қазақстан
Республикасы азаматтарының арасындағы қатынастар.Мысалы,
қала әкімшілігі мен шағым берген азаматтың арасындағы қатынас.
Барлық аталған және Қазақстанда реформа кезеңде пайда
болуы мүмкін басқадай қоғамдық қатынастарға мемлекеттік
басқару органы міндетті түрде қатысады. Мемлекеттің атынан
өкілдік ететін және оның еркін білдіретін органның қатысуынсыз
басқарушылық қоғамдық қатынастар пайда болуы мүмкін емес. Сол
себепті екі азаматтың арасындағы қатынастарды басқарушылық
деп айтуға болмайды, өйткені олардың ешқайсысына басқа
біреуіне қатысты биліктік өкілеттік берілмеген.
Заңды тұлғалар мен адамдардың арасындағы шарттық
қатынастар да өздерінің мәні бойынша басқарушылық болып
саналмайды және көпшілігінде олардың негізінде мүліктік, жер
туралы, қаржылық және басқа қатынастар жатады.
Басқару органы да , мемлекеттік (мемлекеттік емес) кәсіп-
орын да, мекеме мен ұйым да, сондай-ақ азамат та басқару қаты-
настарының екінші тарабы болуы мүмкін, бұл басқарушылық
қоғамдық қатынастарын пайда болатын жағдайларға толығынан
сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: