Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түсінігі және түрлері. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік



Дата29.03.2023
өлшемі19,03 Kb.
#77374

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түсінігі және түрлері. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік

  1. Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен күштеп әкелу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен күштеп әкелу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 790-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің жеке тұлғаны не заңды тұлғаның өкілін күштеп әкелу тәртібін айқындайды.
2. Әкімшілік іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан жеке тұлғаны не заңды тұлғаның өкілін (бұдан әрі – әкімшілік іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға) күштеп әкелу "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 785-бабымен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті қамтамасыз ету шарасы ретінде қолданылады.
3. Судьяның, өндірісінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құрылымдық бөлімшесі басшысының немесе оның орынбасарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық бөлімшесінің басшысы немесе оның орынбасарының (бұдан әрі – күштеп әкелу туралы ұйғарымды шығарған лауазымды тұлға) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйғарымы күштеп әкелуге негіз болады.
2-тарау. Күштеп әкелуді жүргізу тәртібі
4. Әкімшілік іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға судьяның не күштеп әкелу туралы ұйғарымды шығарған лауазымды тұлғаның шақыруы бойынша дәлелсіз себептермен келмеген жағдайда, соттың немесе өндірісінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бар лауазымды тұлғаның ұйғарымы бойынша күштеп келтіріледі.
5. Шақыру туралы тиісті түрде хабарланған адамның келмеуінің дәлелді себептері болып танылады: "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) және "Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) бұйрықтарына (бұдан әрі – Бұйрықтар) сәйкес медициналық құжаттармен куәландырылған адамның келуіне мүмкіндік бермейтін ауру, жақын туыстарының қазасы және адамды белгіленген мерзімде келу мүмкіндігінен айырған төтенше жағдайлар.
6. Әкімшілік іс бойынша оған қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға күштеп әкелу туралы ұйғарыммен оның орындалуының алдында таныстырылады, бұл оның қол қоюмен куәландырылады. Күштеп әкелінуге тиіс тұлға қол қоюдан бас тартқан жағдайда, күштеп әкелуді орындайтын лауазымды тұлға ұйғарымға тиісті жазба жасайды.
7. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар, он сегізге толмаған тұлғалар өздерінің заңды өкілдеріне хабарламай, жүкті әйелдер, сондай-ақ Бұйрықтарға сәйкес медициналық құжаттармен куәландырылуға жататын денсаулық жағдайына байланысты өзі болатын жерді қалдыра алмайтын және қалдыруға тиісті емес, науқастар күштеп әкелуге жатпайды.
8. Күштеп әкелу жергiлiктi уақыт бойынша сағат 20.00-ден 8.00-ге дейiнгi уақыт аралығында жүргізілмейді.
9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке келіп түскен күштеп әкелу туралы соттың ұйғарымын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды тұлға немесе оның міндетін атқарушы тұлғаға тапсырылады.
10. Күштеп әкелу туралы ұйғарымды алғаннан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды тұлғасы онда көрсетілген күштеп әкелуге жататын адам туралы ақпараттарды (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), туған жылы және орналасқан жері) тексеруді ұйымдастырады және оның нақты тұратын жерін анықтау үшін шаралар қабылдайды. Қажет болған жағдайда, күштеп әкелінуге тиіс тұлға сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бар есептері бойынша тексеріледі. 
Егер күштеп әкелу туралы ұйғарымда күштеп әкелінуге тиіс тұлғаны немесе оның болатын орнын нақты анықтауға мүмкіндік беретін жекелеген мәліметтер болмаса және оларды толықтыруға мүмкіндік болмағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ол жөнінде сотқа немесе ұйғарымды шығарған тұлғаға хабарлайды.
11. Егер күштеп әкелінуге тиіс тұлға басқа облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумағында болған жағдайда, күштеп әкелуді жүзеге асыру тапсырылған лауазымды тұлға сотпен және ұйғарымды шығарған лауазымды тұлғамен келісім бойынша күштеп әкелу туралы ұйғарымды орындау үшін аумақтық қатыстылығы бойынша жіберу туралы шешім қабылдайды.
12. Күштеп әкелуді жүргізгеннен кейін судья немесе күштеп әкелу туралы ұйғарымды шығарған лауазымды тұлға оның орындалғанын анықтағаны туралы белгі жасайды.
13. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің лауазымды тұлғасы күштеп әкелу нәтижелері туралы күштеп әкелу туралы қолхатты қоса бере отырып, судьяны не күштеп әкелу туралы ұйғарымды шығарған тұлғаны жазбаша ескертеді. Күштеп әкелуді жүзеге асыруға кедергі келтіретін мән-жайлар бар болған кезде, ескертуге көрсетілген мән-жайларды растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
Сот не күштеп әкелу туралы ұйғарымды шығарған лауазымды тұлға ұйғарымды шығарған сот не лауазымды тұлға күштеп әкелуді қамтамасыз етуді тапсырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің не оның құрылымдық бөлімшесінің басшысы (орынбасары) хабардар етеді.
14. Соттың ұйғарымында көрсетілген мерзімде күштеп әкелуді жүзеге асыру мүмкін болмаған кезде, сондай-ақ күштеп әкелінуге тиіс тұлға болмаған жағдайда, күштеп әкелуді қамтамасыз ету тапсырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің не оның аумақтық бөлімшесінің басшысы (орынбасары) ұйғарымның орындалуына кедергі келтіретін мән-жайды көрсете отырып, бұл туралы сотты не ұйғарымды шығарған лауазымды тұлғаны дереу хабардар етеді.

  1. «Қазақстан Республикасының ҚК және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексі бойынша «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түсінігі мен түрлері»

Дәріс барысында дәріскер сыбайлас жемқорлық түрлерінің негізгі мәселелерін айтып өтті, атап айтқанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда сыбайлас жемқорлық әрекеттері екі түрге бөлінеді: сыбайлас жемқорлық қылмыстар және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар.
Біріншісі – Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде көзделген қылмыстық жауаптылық пен жаза, екіншісі – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылық пен жаза туындайды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған 15-тараудың арнайы бөлімі: «Сыбайлас жемқорлық және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар». Бұл тарауда жазалауға жататын қылмыстық қылмыстар, сыбайлас жемқорлықтың мынадай түрлері ретінде жіктеледі:

  • Қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану;

  • Билікті асыра пайдалану;

  • Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу;

  • Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау;

  • Пара алу;

  • Жауапты адамға жеке өзі немесе делдал арқылы пара беру;

  • Парақорлыққа делдал болу;

  • Қызметтік жалғандық;

  • Қызметтегі әрекетсіздік






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет