271
құқығынан бастау алатын заттық немесе міндеттемелік болып бөлу
ең алдымен құрлықтағы елдердің заңдарындағы маңызын сақтап
қалған. Егер де институтционалдық жүйе бойынша жасалған
кодекстерде ( мысалы, француз азаматтық кодексі) былайша бөлу
онша айқын көрінбесе, пандектілік үлгіні пайдаланған кодекстерде
( герман азаматтық заңдар жинағынан Ресей Федерациясының
кодексіне дейін ) оның маңызы бар.
Мейлінше жалпылама түрінде «заттық» және «міндеттемелік»
құқық қатынастары арасындағы айырмашылық мынадан аңға-
рылады: заттық құқықтық мәселені зат, абсолютті сипатта болады,
затпен байланысты болғандықтан, соның ізінен шықпайды және
ақырында, құқық иесінің белсенділігін және сонымен бірге өзіне
қарсы тұрғындардың енжарлығын керек етеді.Міндеттемелік
құқық қатынастарына олардың мәселесі белгілі бір адамның іс
әрекеті болуы керек, олар салыстырмалы болады, борышкерден
қалмайды және құқықты адам - несие берушіге қарсы тұратын
сол борышкердің белсенділігін керек етеді. Мүлікті беру, ақша
төлеу, жұмысты орындау және т.б. сондай іс-әрекет болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: