Оқулық «Қазақстан Республикасының құқық негіздері»


  Азаматтық    құқықтық  қатынастардың  пайда



Pdf көрінісі
бет84/136
Дата06.01.2022
өлшемі1,86 Mb.
#13382
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   136
16.8.  Азаматтық    құқықтық  қатынастардың  пайда 
болуы, өзгертілу және тоқталу негіздері.
1.Азаматтық құқық қатынастарының туындауына заңдық 
фактілер негіз болып табылады. Азаматтық кодекстің 7-бабында 
әр түрлі заңдық фактілер азаматтық құқық қатынастары негізінде 
көзделген.Бұл тізбенің бәрін түгел қамтымайтынын атап өту 
қажет. Өйткені азаматтық құқықтар мен міндеттер қолданылып 
жүрген заңдарға тікелей көзделмеген өзге де заңдық фактілер 
негізінде пайда болып, өзгеріп және тоқталып отырады, бірақ 
оның жалпы негізі мен мағынасына қайшы келмейді.
Профессор  О.А.Красавчиковтың атап өткеніндей, заңдық 
фактіге мынадай 3 жәй тән:
1) заңдық айғақ - нақты шындық фактісі, яғни біздің сана-
мыздан тыс және оған тәуелсіз материалдық дүниенің белгілі бір 
құбылысы. Заңдық фактілерді зерделей келгенде, фактілердің 
басталған немесе кем дегенде осы кезге дейін жалғасып отырған 
құбылыс екенін әрқашан есте ұстаған жөн. Бірақ басталуы қажет 


272
екендігі күмән туғызбайтын болса да шын мәнінде орын алған 
құбылыста немесе мән жайды факт ретінде қарастыруға болады.
2) заңдық факт - азаматтық құқық нормаларында көзделгн 
факт. Өмір шындығының толып жатқан жалпы құбылыстарында 
қандай фактінің заңдық күші болатыны және қандайының заңдық 
күші болмайтынын нақ сол нормалар анықтайды.
3)заңдық  факт  -  азаматтық  құқық  нормалары  негізінде 
белгілі бір заңдық салдарға әкеп соғатын факт.
2.  Заңдық  фактілерді  топтау.  Заңдық  фактілерді  түрлері 
бойынша  жалпы  жұрт  қабылдаған  басты  бөлінісі  оларда 
адамдардың  ықтиярымен  болатын  әрекеттер  қатарына  және 
адамдардың ықтиярына қарамай, оған тәуелсіз болатын оқиғалар 
қатарына  жатқыза  отырып,  әдетте  бір  бірінен  шыққан  кезі 
бойынша  шектелетін  оқиғалар  мен  әрекеттерге  бөлу  болып 
табылады.Бірақ ықтиярдан  тыс болған оқиғаларды  сол сияқты 
барлық жағдайларға қолдануды дұрыс деп тануға болмайды.
Мәселен,  адамның  ажалы  кісі  өлтірушіден  өрт  жіберушінің 
әрекетінен болуы мүмкін. Сайып келгенде ықтиярлық актілер 
іс-әрекеттің  себебі  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқиғалардың 
себебі де болуы ықтимал сондықтан оқиғалардың айырмасын 
олардың шығу көзінен емес, қайта процесстің сипатынан іздестіру 
керек: оқиғалар өздерінің пайда болу себептеріне қарамастан, 
өз  барысында  ықтиярсыз  сипатты  болады,    ал  әрекет  өзінің 
себебі бойынша ғана емес, өз барысында да ықтиярды түрде 
жасалады.
Әрекеттер өз кезегінде заңды және заңсыз болып бөлінеді.
Қолданылып жүрген заңның немесе басқа нормативтік құқықтық 
актілердің нұсқамалары бұзылатын әрекеттер заң жүзінде теріс 
әрекеттер деп түсініледі. Зиян келтіру жөніндегі әрекеттер құқық 
тәртібінің немесе адамгершіліктің негіздеріне көрінеу қарсы 
мақсатпен жасалған мәміле және т.б.заңсыз болып табылады ( 
азаматтық кодекстің 158-баптың 1-тармағы.)
Азаматтық заңдардың талаптарына сәйкес келетін әрекеттер 
заң жүзінде дұрыс әрекеттер болып табылады. Мысалға заңға 
сәйкес жасалған сатып алу сату, сыйға тарту, тасымалдау, жеткізіп 
беру және т.б. сияқты әр түрлі азаматтық құқықтық мәмілелерді 
алуға болады.
Өз кезегінде заңды әрекеттердің бәрі заңдық актілер мен 
заңдық  қылықтырға  бөлінеді.Азаматтық  құқықты  азаматтық 


273
құқық  қатынастарына  пайда  болуына  өзгертілуіне  немесе 
тоқталуына  бағытталған  заң  жүзінде  дұрыс  әрекет  заңдық 
актілер  деп  түсініледі.  Азаматтық  құқық  заң  актілері  негізгі 
түрі  мәміле  (  шарт  )  болып  табылады.  Азаматтық  құқықтың 
147- бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық 
құқықтар мен міндеттерді анықтауға өзгертіге немесе тоқтатуға 
бағытталған  әрекеттері  мәмілелер  деп  танылады.Сол  сияқты 
азаматтық кодекстің 380- бабында шарт жасасқан кезде азаматтар 
мен заңды тұлғалар ерікті болады деп көрсетілген.
Заңды қылық-заңды белгілі бір әрекет нақ сондай зардап 
шектіруге бағытталғанына немесе бағытталмағанына қарамастан 
белгілі бір заңдық зардаптарға байланыстырылатын заң жүзінде 
дұрыс әрекет. Мәселен, заңды қылықтыр қатарына шығармашылық 
кәсіп қызметкерлерінің сайып келгенде әдеби немесе музыкалық 
туындылары жасалатын әрекеттері жатады.
Қазақстан  Республикасының  азаматы  жасына  келген, 
науқастанған, мүгедек болған жағдайда және өзгеде заңды негіз-
дерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде 
әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.Қазақстан 
Республикасы  азаматтарының  денсаулығын  сақтауға  құқығы 
бар,мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде сондай-
ақ медидциналық практикамен айналысушы адамдарда  ақылы 
медедциналық  жәрдем  алу  заңда  белгіленген  негіздер  мен 
тәртіп  бойынша  жүргізіледі.Азаматтардың  мемлекеттік  оқу 
орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі.Орта 
білім алу міндетті.Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында 
конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар жеке 
меншік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген 
негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады мемлекет білім 
берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді кез келген 
оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келу керек.мемлекет 
адамның  өмір  сүруі  мен  денсаулығына  қолайлы  айналадағы 
ортаны  қорғауды  мақсат  етіп  қояды.Адамдардың  өмірі  мен 
денсаулығына  қатер  төндіретін  деректер  мен  жағдаяттарды 
лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке 
әкеп соғады.Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі 
қарусыз жиналуға,жиналыстар митинглер мен демонстрациялар 
шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы бұл құқықты, 
пайдалану мемлекеттік қауіпсіздік қоғамдық тәртіп денсаулық 


274
сақтау басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау 
мүдделері үшін  заңмен шектелуі мүмкін.Қазақстан Республикасы 
азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісісн 
басқаруға,қатысуға.мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін өзі 
басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге сондай ақ жеке және 
ұжымдық өтінігштер жолдауға құқығы бар.Әр азамат Қазақстан 
Республикасының  Констстутциясын  және  заңдарын  сақтауға 
басқа адамдардың құқықтарын бостандықтарын абыройы мен 
қадір қасиетін құрметтеуге міндетті.Заңды түрде белгіленген 
салықтарды адамдарды және өзгеде міндетті төлемдерді төлеу 
әркімнің  борышы  әрі  міндеті  болып  табылады.Қазақстан 
Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы 
және міндеті.Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп 
пен түрлер бойынша әскери қызмет атқарады.
         


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет