Оқулық «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет30/159
Дата10.10.2022
өлшемі8,62 Mb.
#42085
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   159
44 
1.6. 
жоқ (транзистордан айырмашылығы). Симистор негізгі шақпалары 
бойынша өтетін тоқ, ұстау тоғы  деп аталатын бірқатар шамадан асқанға 
дейін ашық қалыпта қалады. Бұдан мынадай ой түйіндеуге болады, 
ауыспалы тоқ тізбегіндегі жүктеменің сөндірілуі, тоқ симистордың негізгі 
электродтары арқылы бағытын өзгерткен сәтте орын алады (әдетте, бұл 
желідегі кернеудің полярлылығының ауысуымен бір уақытта орын алады). 
ИНТЕГРАЛДЫ МИКРОСЫЗБАЛАР 
Интегралды микросызба (ИМС) (чип, микрочип) — ашылмайтын 
корпусқа салынған (немесе микрожинақтаманың құрамына кірген 
жағдайда корпуссыз) және жартылай өткізгіш түптұғырда (пластина 
немесе пленка) дайындалған еркін күрделіліктегі электронды сызба. 
Интегралды микросызба белгілі бір функционалдық торапты құрайтын 
ондаған және жүздеген пассивті және белсенді элементтерден тұрады. 
Электронды 
сызбалардың 
пассивті 
элементтеріне 
резисторлар, 
конденсаторлар, индуктивті орауыштар, трансформаторлар жатады. 
Электронды сызбалардың белсенді элементтеріне диодтар, транзисторлар, 
тиристорлар және т.б. жатады. Микросызбалардың күрделіктері деңгейі 
көрсеткіші, оның құрамындағы элементтер мен компоненттердің санымен 
сипатталады. 
ИМС мысал ретінде бір жартылай өткізгіш кристалл немесе әдетте 
аспалы компоненттермен толықтырылатын, жұқа пленкалардағы бір тұтас 
ретінде дайындалған, сигналдарды күшейткіштер, есептеу техникасының 
логикалық сызбалары, синусоидалдық, импульстық немесе ара тәріздес 
кернеулер генераторларын келтіруге болады. 
Интегралды 
микросызбалардың 
артықшылықтарына 
келесілерді 
жатқызуға болады: 
■ 
шағын габариттік көлемдері және массасы; 
■ 
жоғары сенімділік; 
■ 
жоғары тұрақтылық және параметрлерді шығаруы; 
■ 
өз шуылының төменгі деңгейі; 
■ 
энергияны аз тұтыну. 
Интегралды микросызбалар интеграциялары деңгейі, дайындау 
технологиялары және міндеттері бойынша бөлінеді: 
ИМС интеграция деңгейі бойынша төмендегідей бөлінеді: 
■ 
шағын ИМС — кристалдағы 100 элементке дейін; 
■ 
орташа ИМС — кристалдағы 1 000 элементке дейін; 
■ 
үлкен ИМС — кристалдағы 10 000 элементке дейін; 
■ 
өте үлкен ИМС — кристалдағы 10 000-нан артық элементке дейін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет