Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет97/216
Дата06.01.2022
өлшемі4,38 Mb.
#14749
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   216
/— 
/7 
 
15 
У 
 
 
8.1-сурет Ұзындықтың жалпы параллельді шеткі өлшемдері 
129 


Штанген  аспаптар  деп    сызықтық  нониусты  қолдануға 
негізделген  санау  құрылғыларын  құрудың  жалпы  принципімен 
біріктірілген 
сызықтық 
өлшем 
құралдары 
 
аталады. 
Тағайындалуына  байланысты  штангенциркульдерді,  штанген 
тереңдік 
өлшеуіштерді 
(штангенглубиномер), 
штангенрейсмустарды ажыратады. 
Штангенциркуль  (8.2-сурет)  -  ұзындықты,  білдектер  мен 
тесіктердің  диаметрлерін,  тесіктердің  тереңдігі  мен  тесіктердің 
орталары арасындағы қашықтықты өлшеудің əмбебап құралы. 
Штанген  тереңдік  өлшеуіш  (штангенглубиномер)  тесіктердің, 
саңылаулардың жəне т.с.с. тереңдігін өлшеу үшін тағайындалған. 
Штангенрейсмус  -  бұйымдардың  биіктікті  өлшемдерін  өлшеу 
құралы. 
Нониусты  құру  принципі  екі  сызықтық  шкалалардың  сəйкес 
штрихтерін  біріктіруге  негізделеді,  олардың  бөлу  интервалдары 
белгілі шамаға ажыратылады. Жалпы жағдайда штанген аспап (8.2-
сурет  қар.)  жылжымайтын  өлшеуіштік  еріншесі  бар  штангадан  1 
жəне  басқа  өлшеуіштік  еріншемен  штанга  бойынша  орын 
ауыстыратын рамкадан 3 тұрады. Штангада бөлу құны 1 мм шкала 
енгізілген.  Рамканың  қиғашында  бөлу  құны  0,9  мм  нониус  5  деп 
аталатын  қосалқы  шкала  енгізілген,  ол  бойынша  миллиметрдің 
бөлшектік үлестері саналады. 
Рамканы бекіту үшін штанганың жұмысшы бөлігінде бұранда 4  
бар  Рамка  тереңдік  өлшеуіштің  6  сызғышымен  қатты  байланған. 
Жоғарғы еріншелер 2 ішкі өлшемдерді өлшеу үшін, ал төменгілері - 
сыртқылары үшін тағайындалған. 
Нониустың  нөлдік  шкаласын  штанга  шкаласының  нөлдік 
белгісімен  ауыстырғанда  нониус  шкаласының  нөлден  кейінгі 
бірінші  белгісі  штанга  шкаласының  бірінші  белгісіне  қатысты  0,1 
мм-ге  ығысқан  болады;  сəйкесінше  нониус  шкаласының  екінші 
белгісі  0,2  мм-ге  ығысатын  болады,  ал  оныншысы  -  1  мм-ге 
ығысады;  яғни  нониус  шкаласының  соңғы  белгісі  штанга 
шкаласындағы 0,9 м белгімен дəл сəйкеседі. 
 
8.2. сурет Штангенциркуль: 
1 - штанга; 2 - жоғарғы еріншелер; 3 - жиек; 4 - бұранда; 5 - нониус;  
6 - тереңдік өлшеуіш. 
130 


Егер өлшемді өлшеу кезінде нониус шкаласы ноиус белгілерінң 
бірі  (нөлдік  емес)  штанга  шкаласының  қандай  да  бір  белгісімен 
сəйкес келетіндей орналасса, онда өлшеу нəтижесі штанга шкаласы 
мен  штанга  шкаласын  бөлу  құнының  мен  нониус  белгісі  сəйкес 
келген 
штанга 
шкаласының 
бөлу 
нөміріне 
нониусты 
айырмашылығы  туындысы  ретінде  анықталады.  Осылайша,  8.2-
суретте  өлшенген  мəн    I  =  7  +  0,1  •  1  =  7,1  мм  тең  болады. 
Осылайша, нониус көмегімен 0,1 мм дейінгі дəлдікпен өлшеу есебін 
жүргізуге болады. Штангенаспаптарда 0,05 мм дейінгі өлшем есебін 
қамтамасыз ететін тартылған нониус қолданылады. 
Штангенаспаптардың  кейбір  заманауи  үлгілерінде  нониус 
орнына  бөлу  мөлшері  0,01  мм  сандық  типтегі  индикаторлар 
қолданылады. 
Микрометрлік аспаптар (микрометрлер, микрометрлік тереңдік 
өлшегіштер, 
микрометрлік 
нутромерлер) 
штангенаспаптарға 
қарағанда 
біршама 
дəл 
болып 
табылады. 
Микрометрлік 
аспаптардың əрекет ету принципі жылжымайтын сомынға оның ось 
бойында  түсетін  қозғалысында  орнатылған  дəл  микрометрлік 
бұранданың 
айналу 
қызметін 
түрлендіруге 
негізделген. 
Микрометрлік аспаптардың көпшілігі 0,5 қадамы бар бұрандаға ие, 
сондықтан  сомындағы  бұранданы    360°-қа  бұру  оның  ось  ойында 
0,5 м орын ауыстыруына əкеледі. 
Микрометр  (8.3-сурет)  тоғыннан  1  тұрады,  бір  жағынан 
жылжымайтын  шұйде  пресстелген,  ал  екінші  жағынан  сабақтан  5, 
микробұрандасы  3  жəне  зырылдауық  механизмі  7  бар  жинақтағы 
барабаннан  6  тұратын  микрометрлік  бас  бекітілген.  Барабанды 
айналдыру  кезінде  сабақ  келіп  түсетін  қозғалыс  жасайды  жəне 
өлшенетін  нысанмен  контакт  болады.  Зырылдауық  механимзі  бұл 
ретте өлшеуіштік күштің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бұранда 
4  микробұранданың  күйін  бекітеді.  Микробұранданың  орынын 
ауыстыру 
 
8.3-сурет Микрометр: 
1 - тоғын; 2 - жылжымайтын шүйде; 3 - микробұранда; 4 - бұранда; 
5 - сабақ; 6 -  барабан; 7 - зырылдауық. 
131 


екі шкала бойынша есептеледі: біреуі, сабақтың ұзындығы бойынша 
енгізілген  жəне    екіншісі,  барабанды  айнала  енгізілген.  Сабақтағы 
бөліктер 0,5 мм арқылы енгізілген, ал барабандағы шкалада 50 белгі 
бар.  Осылайша,  барабан  шкаласының  бір  бөлігі  0,5/50  =  0,01  мм 
микробұранданың орын ауыстыруына сəйкес келеді. 
Микрометрлік  аспаптар  үшін  дəлдіктің  екі  санаты  (1  жəне  2) 
орнатылған.  Микрометрлік  аспаптардың  шекті  рұқсат  етілетін 
қателігі өлшеу диапазонына байланысты болады. Осылайша, өлшеу 
шектері    0...25  мм  1-дəлдік  санатындағы  микрометрлер  үшін 
аспаптың қателігі ±0,002 мм аспайды, ал микрометрлерде 400...500 
мм диапазонда ұзындықты өлшеу үшін ±0,005 мм артпайды. 
Микроэлектрониканың  процизиондық  бөлшектерінің  сызықтық 
өлшемдері мен дəл аспап жасауды өлшеу үшін сандық электрондық 
есептеуіші  бар  үстелдік  микрометр  шығарылады,  ол  ±0,002  мм 
артық  емес  қателікпен  0...10  мм  диапазонда  өлшемдердің  өлшеуін 
қамтамасыз етеді. 
Сағат  типіндегі  индикаторлар(8.4-сурет)  тісшелі  берілісі  бар 
аспаптардың типтік өкілдері болып табылады, онда кесілген тісшелі 
төрткілдеші  6  бар  стержень  4  ,  тісшелі  дөңгелектер  2,  3,  5  жəне  7, 
спиральдық серіппе 1, нұсқауыр8 бар. Өлшеу стерженін 4 қайтымды 
ілгерілемелі  орын  ауысуы  көрсеткіштің  8  айналмалы  қозғалысына 
айналады. 
Нұсқауырдың  бір  айналымы  өлшеуіштік  стерженнің  1  мм 
ығысуына сəйкес келеді. Бүтін миллиметрлер нұсқауыр 9 көмегімен 
шкала  бойынша  саналады.  Аспаптың  шкаласы  100  бөлікке  ие, 
индикатордың бөлік бағасы 0,01 мм тең. 
8.4-сурет Сағаттық типтегі индикатор (а) оның сұлбасы ): 
1 - спиральдық серіппе; 2, 3, 5, 7 - тісшелі дөңгелек; 4 - стержень; 6 
- тісшелі төрткілдеуіш; 8, 9- нұсқауыр. 

 
а 
б 
132 


8.1-кесте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет