66
фактілер мен қағидаттар қасиеттері жақсы түсінікті математикалық
теория немесе детерминделген үлгінің терминдерінде нақты
тұжырымдала алмайтындығы да мәселе болып табылады. Осымен,
сарапшыға белгілі бір оқиға туындайтыны мәлім болуы мүмкін,
бірақ ол осы оқиғаның пайда болуына әкелетін тетіктер туралы
ештене айта алмайды. Белгілі бір саладағы мәселені шешу үшін
сарапшыға осы саладағы фактілер мен қағидаттар туралы білім
сомасына ие болу жеткілікті емес. Мысалы, тәжірибелі маман осы
не басқа ой-пікірді тұжырымдау үшін қандай ақпаратқа ие болу
керектігін, ақпараттың түрлі дереккөздері қаншалықты сенімді
екенін және күрделі мәселені бірнеше қарапайым мәселелерге қалай
бөлуге болатынын біледі. Әңгімелесу барысында осындай жеке
тәжірибеге негізделген және тұжырымдалуға жақсы берілмейтін
білімді айқындау қандай да бір фактілер мен жалпы қағидаттардың
жай тізбесін алғаннан гөрі әжептәуір күрделі.
Адаммен орындалатын сараптамалық талдауды, тіпті тар
саланың өзінде, сарапшы үшін айдан анық, бірақ бөтен адам үшін
ондай болып табылмайтын көптеген заттар енетін әжептәуір кең
мәнмәтінге қою қажет.
Достарыңызбен бөлісу: