Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»



бет32/88
Дата26.11.2023
өлшемі0,9 Mb.
#128255
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88
Байланысты:
Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»-emirsaba.org

2.4.2. 
Білімді ұсыну 
Білімдерді ұсыну – формализм философиясы мен когнитивті
психологиямен тығыз байланысты зерттеулердің жеке саласы. Осы
саладағы зерттеу мәні – адамның миында барларға ұқсас, ақпаратты
ассоциативтік сақтау әдістері. Бұл ретте процестің биологиялық
жағына емес, логикалық жағына ерекше назар аударылады.
Білім базасы – сараптамалық жүйенің «зияткерлік қабілеттері»
негізделген сараптамалық жүйенің ең маңызды құрамдасы.
Сараптамалық жүйенің қалған басқа құрамдастардан ерекшелігі
білім базасы – білім жөніндегі инженерлермен толықтырыла және
түрлендіріле алатын жүйенің өзгертілетін бөлігі. Сараптамалық
жүйеде білімді ұсынудың бірнеше тәсілдері бар, алайда олардың
бәріне білімнің символдарда ұсынылуы ортақ (білімді ұсынудың
құрамдастары болып мәтіндер, тізімдер және басқа символдық
құрылымдар). Осылайша, сараптамалық жүйеде пайымдаудың
табиғаты символдық деген қағидат жүзеге асырылады, ол пайымдау
процесі символдық түрлендіру реттілігі ретінде ұсынылады
дегеннен тұрады.
Білімді ұсынудың ең таралған тәсілі – нақты фактілер мен



67


ережелер түрінде, олардан бар фактілердің ішінен жаңасы
шығарылуы мүмкін. Фактілер үштіктер түрінді ұсынылуы мүмкін:
атрибут, объект, мән.
Мұндай факт берілген объектінің берілген мәні бар берілген
атрибуты (қасиеттері) бар дегенді білдіреді. Мысалы, үштік (жас,
пациент, 77) пациенттің жасы 77 деген фактіні білдіреді. Бұдан
қарапайым жағдайларда факт атрибуттың нақты мәнімен емес, ал
қандай да бір қарапайым пайымдаумен білдіріледі, ол шынайы 
немесе жалған болуы мүмкін, мысалы: «Пациент темекі тартады».
Мұндай жағдайларда фактіні қандай да бір қысқа атпен белгілеуге
(мысалы, темекі) немесе фактіні ұсыну үшін тиісті фразаның
мәтінін пайдалануға болады.
Білім базасындағы ережелер мына түрге ие болады:
ЕГЕР а ОНДА s, 
мұндағы a — шарт; s — әрекет.
Егер а шынайы болса, әрекет s орындалады. Көбінесе әрекет s,
шарт сияқты, егер ереженің а шарты шынайы болса, жүйемен
шығарылуы мүмкін (яғни оған мәлім болады) пайымдау болып
табылады. Білім базасындағы ережелер эвристикалық білімді ұсыну
үшін қызмет етеді, яғни сарапшымен оның қызметі тәжірибесі
негізінде шығарылатын пайымдаудың формалды емес ережелері.
Ереженің қарапайым мысалы:
ЕГЕР «Пациент темекі тартса»
ОНДА «Пациенттің өкпесі ауырады».
Шарт а ретінде не факт (осы мысалдағыдай) не логикалық
операциялармен біріктірілген бірнеше фактілер a
b
..., a
n
бола алады.
Алдыңғы ереженің күрделі шарты бар мысалы (1 ереже):
ЕГЕР
(«Пациент темекі тартса») ЖӘНЕ («Қан қысымы ортадан
жоғары болса»)
ОНДА

«Тәуекелі жоғары» (1 ереже)


Ережелердің құрамына енетін әрекеттерде жаңа фактілер болуы
мүмкін. Мұндай ережелерді қолданған кезде бұл фактілер жүйеге
мәлім болады, яғни жұмыс көпшілігі деп аталатын фактілердің
көпшілігіне енеді. Мысалы, егер «Пациент темеке тартады» және
«Қан қысымы ортадан жоғары» фактілер жұмыс көпшілігінде бар
болса, онда жоғарыда келтірілген ережені қолданғаннан кейін оған
«Тәуекелі жоғары» фактісі қосылады.
Егер жүйе шынайылығын немесе жалғандығын айқындау талап



68


етілетін кейбір фактіні шығара алмаса, онда жүйе ол туралы
пайдаланушыдан сұрайды. Мысалы:

«Пациент темекі тартады» деген рас па?


Пайдаланушыдан оң жауап алған кезде «Пациент темекі
тартады» фактісі жұмыс көпшілігіне қосылады.
Статикалық және динамикалық білім базалары бар. Статикалық
деректер базалары уақытпен бірге өзгермейді. Динамикалық білім
базалары уақытпен бірге өзгереді. Білім базасына қосылатын жаңа
фактілер бар фактілерге ережені қолданудан тұратын қорытынды
нәтижесі болып табылады.
Сараптамалық жүйелердің бірқалыпты және бірқалыпты емес
тұжырымдары болуы мүмкін.
Бірқалыпты тұжырымдары бар жүйелерде білім базасында
сақталатын фактілер статикалық, яғни міндетті шешу процесінде
өзгермейді. Бірқалыпты емес тұжырымдары бар жүйелерде
фактілердің білім базасынан өзгертілуі немесе жойылуына жол
беріледі. Фактілерді өзгерту өз кезегінде аталған ережелердің
көмегімен алынған қорытындыларды білім базасынан жойылу
қажеттілігіне әкеледі. Осымен тұжырып өзгеріске ұшыраған
фактілердің негізінде алынған шешімдерді қайта қарау үшін қайта
орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет