83
Осылайша, жобаның бөлшектері толықтырылады және жүйелі
нақтыланады, нәтижесінде тапсырыс берушінің шын талаптарына
жауап беретін негізгі нұсқа таңдалып, соңына дейін жеткізіледі.
Шиыршықты үлгі (3.3.сур.) сарқырама үлгіге қарағанда
ақпараттық жүйені әзірлеудің итеративті процесін ұсынады. Бұл
ретте өмірлік циклдің талдау және жобалау сияқты бастапқы
кезеңдерінің мәні артады. Осы кезеңдерде түптұлғаларды жасау
жолымен техникалық шешімдердің іске асырылғыштығы тексеріліп
негізделеді. Әр итерация аяқталған жүйе болу үшін итерациядан
итерацияға дейін жетілдірілетін бұйымның (немесе шеткі өнім
жиынтығының) ішкі немесе сыртқы нұсқасын шығаруға әкелетін
әзірлеудің аяқталған циклі болып табылады. Шиыршықтың әр
орамында жобаның мақсаты мен сипаттамалары нақтыланады,
оның
сапасы
анықталады,
келесі
орамдағы
жұмыстар
жоспарланады. Әр итерацияда жобаның бөлшектері толықтырылып,
жүйелі нақтыланады, нәтижесінде ақырғы жүзеге асырылатын
негізді нұсқа таңдалады.
Шиыршықты үлгіні пайдалану ағымдағы кезең аяқталмай,
жобаны орындаудың келесі кезеңіне өтуге мүмкіндік береді –
аяқталмаған жұмысты келесі итерацияда орындауға болады. Әр
итерацияның басты міндеті – жүйенің пайдаланушыларына
көрсетуге болатын жұмысқа қабілетті өнімді тезірек құру.
Осылайша жобаға нақтылау мен толықтыру енгізу процесі
айтарлықтай жеңілдетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: