76
жүйелерді әзірлеуге классикалық тәсілдемені көрсетеді. Ақпараттық
жүйелерді әзірлеу үшін осы үлгі ХХ ғасырдың 70-ші және 80-ші
жылдардың
бірінші
жартысында
кеңінен
пайдаланылды.
Жобалаудың сарқырама әдістері шетелдік және отандық әртүрлі
бағыттағы әдебиетте: әдістемелік монографияларда, стандарттарда,
оқулықтарда жақсы сипатталған. Сарқырама схема бойынша
жұмыстарды ұйымдастыру әртүрлі салаларда ресми ұсынылып,
кеңінен пайдаланылды. Осылайша, тек теориялық негіздемелердің
бар болуы ғана емес, сонымен бірге өнеркәсіптік әдістемелер мен
стандарттардың болуы, сондай-ақ осы әдістерді ондаған жылдар ішінде
пайдалану сарқырама әдістерді классикалық әдістер деп атауға жағдай
туғызады.
Сарқырама үлгі жұмыстарды кезек-кезекпен ұйымдастыруды
көздейді. Бұл ретте негізгі ерекшелігі барлық әзірленімді кезеңдерге
бөлу болып табылады, бұл ретте бір кезеңнен келесі кезеңге өту тек
алдыңғы кезеңдегі жұмыстар толық аяқталғаннан кейін болады. Әр
кезеңде әзірленім әзірлеушілердің басқа тобы жалғастыра алатындай
жеткілікті құжаттаманың толық жинағын шығарумен аяқталады.
Сарқырама үлгісі бар болғаны ондаған жылдар шамасында
жұмыстарды сатыларға бөлу және осы сатылардың атаулары өзгертіліп
тұрды. Бұдан басқа, орынды әдістемелер мен стандарттар белгілі бір
жұмыстарды нақты кезеңдерге бір мәнді тіркеуден аулақ болды.
Дегенмен, әзірленімнің пән саласына тәуелсіз тұрақты кезеңдер
қатарын бөліп шығаруға болады (3.1 сур.).
Бірінші кезеңде шешілуі тиіс мәселені зерттеу жүргізіліп,
тапсырыс берушінің барлық талаптары нақты тұжырымдалады. Осы
кезеңде алынатын нәтиже барлық мүдделі тараптармен келісілген
техникалық тапсырма (талаптарды әзірлеу) болып табылады.
3.1 сур. АЖ өмірлік циклі сарқырама үлгісі
Екінші кезеңде техникалық тапсырмада тұжырымдалған барлық
талаптарға жауап беретін жобалау шешімдерді әзірлейді. Осы
77
кезеңнің нәтижесі жобаны іске асыруға қажетті барлық деректерді
қамтитын жобалау құжаттамасының жинағы болып табылады.
Үшінші кезең – жобаны іске асыру. Мұнда алдыңғы кезеңде
алынған жобалау шешімдеріне сәйкес бағдарламалық қамтамасыз
етуді (кодтау) әзірлеу жүзеге асырылады. Жүзеге асыру үшін
пайдаланылған әдістер түбегейлі маңызға ие емес. Осы кезеңді
орындау нәтижесі дайын бағдарламалық өнім болыр табылады.
Төртінші кезеңде алынған бағдарламалық қамтамасыз етудің
техникалық тапсырмада мәлімделген талаптарға сәйкес болу мәніне
тексеру (тестілеу) жүргізіледі. Тәжірибелік пайдалану ақпараттық
жүйенің шынайы жұмыс жағдайларында білінетін жасырын
кемшіліктерді айқындауға мүмкіндік береді.
Соңғы кезең – дайын жобаны тапсыру, оны іске қосу. Осы
кезеңнің басты міндеті – тапсырыс берушінің барлық талаптары
толық орындалғанын құжаттап растау.
Сарқырама үлгі шегіндегі жұмыстар кезеңдерін жүйенің
«жобалау циклінің» бөліктері деп атайды. Мұндай атау кезеңдер
жүйеге қойылатын талаптарды нақтылаудың көптеген итеративті
рәсімдерден және жобалау шешімдерінің нұсқаларынан тұратын
болған соң пайда болды. жүйенің өмірлік циклі айтарлықтай
күрделі және ұзын. Оған қабылданған және іске асырылған жобалау
шешімдерін нақтылау, өзгерту мен толықтыру циклдердің ерікті
саны енуі мүмкін. Осы циклдерде ақпараттық жүйенің дамуы және
оның жекелеген құрамдастарының жаңғыруы өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: