16
функционалдық қосалқы жүйелердің міндеттері шешілетін
құралдардың жиынтығы.
Ақпараттық
жүйелердің
қамтамасыз
ету
бөлігінің
құрамдастарына мыналар жатады:
- техникалық қамтамасыз ету;
- математикалық қамтамасыз ету;
- бағдарламалық қамтамасыз ету;
- ақпараттық қамтамасыз ету;
- ұйымдастыру қамтамасыз ету;
- құқықтық қамтамасыз ету.
Бұдан басқа, ірі ауқымды ақпараттық жүйелерде жеке
құрамдастар ретінде мыналар қаралады:
-
эргономикалық қамтамасыз ету;
-
технологиялық қамтамасыз ету;
-
лингвистикалық қамтамасыз ету;
-
кадрлық қамтамасыз ету және т.б.
Қамтамасыз ету бөлігі құрамдастарының негізгі құрамын
қысқаша қарап өтейік.
Техникалық қамтамасыз ету. Техникалық қамтамасыз ету
ақпаратты жинау, тіркеу, беру, өндеу, көрсету және таралымын
көбейтуге арналған техникалық құралдардың кешені болып
саналады.
Техникалық
құралдардың
кешенін
есептеу
техникасының
құрылғылары;
орындайтын
құрылғылар;
ұйымдастыру техникасы құрылғылары; ақпаратты жинау,
жинақтау, өндеу, жіберу және шығару құрылғылары; деректерді
жіберу құрылғылары; байланыс желілері және т.б. құрайды.
Техникалық құралдармен қатар техникалық қамтамасыз етудің
құрылымдың элементтері болып сонымен бірге әдістемелік
материалдар мен басшылықтар, техникалық құжаттама және
оларға қызмет көрсететін қызметкерлер табылады. Техникалық
құралдарды алдын ала таңдау, оларды пайдалануды ұйымдастыру,
деректерді өндеудің технологиялық процесі, технологиялық
жарақтау құжаттамамен рәсімделеді. Құжаттаманы шартты түрде
үш топқа бөлуге болады:
- жалпы жүйелік, оның құрамына техникалық қамтамасыз ету
бойынша мемлекеттік және салалық стандарттар енеді;
- мамандандырылған, оның құрамына техникалық қамтамасыз
етуді әзірлеудің барлық кезеңі бойынша әдістемелер кешені енеді;
- нормативтік-анықтамалық, ол техникалық қамтамасыз ету
бойынша есептерді орындауда пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: