17
басқару процестерін үлгілеу құралдары, басқарудың үлгі
міндеттерін шешу әдістері мен құралдары, зерттелінетін басқару
процестерін және шешімдерді қабылдауды оңтайландыру әдістері
(көп өлшемшартты оңтайландыру, математикалық бағдарламалау,
математикалық статистика әдістері, көпшілікке қызмет көрсету
теориясы және т.с.с) енеді. Ақпараттық жүйелерді қамтамасыз
етудің осы түріне байланысты техникалық құжаттама алгоритмдеу
бойынша міндеттердің сипатын, экономикалық-математикалық
әдістерін және міндеттерді шешудің үлгілерін қамтиды.
Қызметкерлерді объектіні басқаруды ұйымдастыру саласындағы
мамандар, функционалдық міндеттерді қоюшылар, басқару
процестерін үлгілеу және есептеу әдістері жөніндегі мамандар,
ақпараттық жүйелерді жобалаушылар құрайды.
Бағдарламалық қамтамасыз ету. Бағдарламалық қамтамасыз
ету – ақпараттық жүйенің мақсаттары мен міндеттерін іске
асыруға, сондай-ақ техникалық құралдар кешенінің қалыпты
жұмыс істеуіне арналған алгоритмдер мен бағдарламалардың
жиынтығын. Бағдарламалық қамтамасыз етудің сыныптамасы 1.4.
суретте көрсетілген.
Жүйелі бағдарламалық қамтамасыз ету — компьютер мен
есептеу құрылғыларының жұмысын қамтамасыз етуге арналған
бағдарламалар мен бағдарламалық кешендер жиынтығы.
Жүйелі бағдарламалық қамтамасыз етудің мақсаты:
-
басқа бағдарламалардың жұмыс істеу операциялық жүйесін
жасау;
-
компьютер мен есептеу желісінің сенімді және тиімді
жұмысын қамтамасыз ету;
- компьютер
мен
есептеу
желісі
аппаратурасының
диагностикасы мен алдын алуын өткізу;
- қосалқы технологиялық процестерді орындау (көшірме,
мұрағаттау, бағдарламалар мен деректер базаларының файлдарын
қалпына келтіру және т.б.).
Базалық бағдарламалық қамтамасыз ету – компьютердің
жұмысын қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдардың
минималды жинағы (операциялық жүйелер).
Сервистік бағдарламалық қамтамасыз ету – базалық
бағдарламалық қамтамасыз етудің мүмкіндіктерін кеңейтетін және
1.4 сур. Бағдарламалық қамтамасыз етудің сыныптамасы
18
пайдаланушы жұмысының анағұрлым ыңғайлы ортасын
ұйымдастыратын бағдарламалар мен бағдарламалық кешендер
(компьютерге
қызмет
көрсетуге
арналған
утилиталар,
мұрағаттаушылар және т.б.).
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету функционалдық
міндеттерді шешудің бағдарламалық аспабы болып қызмет етеді
және бағдарламалық қамтамасыз етудің ең көп сыныбы болып
табылады. Осы сыныпқа әртүрлі пән салалары ақпаратын өндеуді
орындайтын бағдарламалық өнімдер енеді. Осылайша, қолданбалы
бағдарламалық қамтамасыз ету – пән саласының белгілі бір
сыныбының міндеттерін шешуге арналған өзара байланысты
бағдарламалардың кешені. Осы бағдарламалық құралдар сыныбы
ең толымды, бұл адам қызметінің барлық салаларында
компьютерлік техника құралдарын кең пайдаланумен, әртүрлі пән
салаларының автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін құрумен
шарттас.
Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу аспабы —
бағдарламалау технологиясын қолдаудың бағдарламалық өнімдері.
Оның құрамына әзірлеудің аспапты құралы болып табылатын
мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету енеді. Осы
сыныптағы
бағдарламалық
қамтамасыз
ету
жасалатын
бағдарламаларды жобалау, бағдарламалау, дұрыстау мен тестілеу
процесінің барлық технологиялық кезеңдерін қолдайды. Осы
бағдарламалық қамтамасыз етудің пайдаланушылары болып
жүйелі және қолданбалы бағдарламашылар табылады.
Бағдарламалық қамтамасыз етудің құрамына жалпы жүйелік
және арнайы бағдарламалармен қоса бағдарламалық қамтамасыз
ету құралдарын қолдану бойынша нұсқаулық-әдістемелік
материалдар енеді.
Достарыңызбен бөлісу: