Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  Ақпараттық жүйелердің тиімділігі көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет30/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   121
1.5.  Ақпараттық жүйелердің тиімділігі көрсеткіштері  
Ақпараттық  жүйенің  тиімділігі  –  жүйенің  тағайындалуына 
сәйкес 
пайдаланушылардың 
белгілі 
бір 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыру  оны  пайдалану  мүмкінділігін  ескертетін  жүйе 
қасиеттерінің  жиынтығы.  
Ақпараттық  жүйелер  тиімділігінің  негізгі  көрсеткіштері  
сенімділік,  анықтық, қауіпсіздік  болып табылады.  
Сенімділік  –  жүйені  қолданудың  берілген  шарттарында  талап 
етілетін  функцияларды  орындау  қабілетін  сипаттайтын  барлық 
параметрлердің  мәндерін  уақыт  пен  белгіленген  шекте  сақтау 
қасиеті. Ақпараттық жүйелердің сенімділігі жүйеден шыққан кезде 
өзекті  және  анық  ақпаратты  қамтамасыз  ету  құралы  болып 
табылады.  
Анықтық  –  жүйемен  жүргізілетін  ақпаратты  түрлендірудің 
қатесіздігін қамтамасыз ететін жүйе қабілеті. Ақпараттық жүйенің 
қызмет 
етуінің 
анықтығы 
оның  қорытқы  ақпаратының 
анықтығымен толық анықталып өлшенеді.  
Ақпараттық  жүйенің  қауіпсіздігі  –  жүйенің  ақпараттың 
құпиялылығы  мен  тұтастығын  қамтамасыз  ету,  яғни  рұқсат 
етілмеген қолжетімділіктен  қорғау қабілетінен  тұратын қасиеті.  
Тиімділік  көрсеткіштері  жүйемен  қойылған  мақсатқа  жету 
дәрежесін сандық бағалауды көрсетуі тиіс.  
Жүйенің  тиімділігі  күрделі,  интегралды  қасиет  болып 
табылады және мынадай бір қатар қарапайым қасиеттерге тәуелді:  
—прагматикалық  тиімділігі  –  жүйенің  пәрменділігі,  яғни 
жүйенің  өз арналуын іске асыру дәрежесі;  
—техникалық тиімділігі  – жүйенің  техникалық жетілгендігі;   
—технологиялық  тиімділігі  –  жүйені  әзірлеу  мен  жасаудың 
жеңілдігі  мен технологиялылығы;  
—пайдалану тиімділігі – жүйені пайдалану мен қызмет көрсету 
тиімділігі  және басқасы. 
Прагматикалық 
тиімділігін 
ақпаратты 
түрлендірудің 
анықтығы, ақпараттық жүйенің қауіпсіздігі, ақпаратты есептеу мен 
түрлендірудің 
дәлдігі, 
жүйемен 
қорытқы 
ақпаратты 
қалыптастырудың 
толықтығы, 
жүйелілігі 
көрсеткіштерімен 
ұсынуға болады.  
Техникалық  тиімділігі  көрсеткіштері  ақпараттық  жүйенің 
техникалық  жетілгендігін,  ұйымның  ғылыми-техникалық  деңгейін 
және осы жүйенің  қызмет етуін бағалауы тиіс.  
Технологиялық-пайдалану  тиімділігінің  көрсеткіштері  алуан 


48 
 
түрлі.  Осы  көрсеткіштер  ретінде  сенімділік  көрсеткіштері, 
функционалдық  мүмкіндіктері,  қызмет  көрсетілетін  клиенттер 
саны,  өнімділік,  өткізу  қабілеті,  тактілі  жиілігі,  шақтық  кедергілер, 
жадының  сыйымдылығы,  пайдалану  сипаттамалары,  қызмет 
көрсету технологиялары  және т.с.с. болуы мүмкін.  
Ақпараттық  жүйе  тиімділігінің  жалпылама  көрсеткіштер  
жүйені  жасау  мен  қызмет  етуіне  жүргізілген  шығындардың 
мақсатқа  сәйкестігін  сипаттайтын  экономикалық  тиімділігі 
көрсеткіштері болып табылады. Шығындарды есептеу көп еңбекті 
қажет  етпейді,  ал  нәтижелерді  есептеу  күрделі,  аяғына  дейін 
шешілмеген  мәселе  болып  қалуда.  Көбінесе  пайда сараптамалық 
баға  жолымен  және  басқа  ұқсас  жүйелерге  ұқсастырып 
анықталады, ал әлеуметтік әсері мүлдем анықталмайды.  
Ақпараттық  жүйелердің  экономикалық  тиімділігі  туралы 
толығырақ біз курсты зерделеуді аяқтаған кезде айтамыз. Ал енді 
ақпараттың  қауіпсіздік  мәселелеріне  толығырақ  тоқталайық, 
өйткені  қауіпсіздік  АЖ  ақпараттың  сенімділігіне  де,  тиімділігіне 
де, анықтығына да үлкен ықпал етеді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет