Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова


Жасушалардың қатерлi iсiкке айналу механизмдері жайлы қазіргі



Pdf көрінісі
бет216/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   459
Байланысты:
immunologia Shortanbaev- казакша

Жасушалардың қатерлi iсiкке айналу механизмдері жайлы қазіргі 
көзқарастар 
XX  ғасырдың  80-шi  жылдарына  дейiн  канцерогенездiң  (рак 
ауруының  пайда  болу)  молекулярлы  механизмдерi  туралы  түсiнiктер 
толық емес болған. Зерттеушiлер организмдегi (ағзадағы) көптеген қатерлi 
жасушалар  пайда  болу  себебiнiң  алуан  түрлерiн  дәлелдедi.  Бұл  мәселе 
жұртшылықтың  “обыр  -  көп  себептi”  деген  тұжырымын  айқындады. 
Расында,  зерттеушiлер  дәлелдегендей,  қатерлi  iсiк  ДНҚ  өзгеретiн  кең 
спектрлi 
химиялық 
және 
физикалық 
рак 
туғызатын 
заттармен 
(канцерогендермен)  шақырылады.  60-70-шi  жылдары  қатерлi  iсiктердiң 
тұқымқуалаушылық  себептерi  дәлелденiп,  iсiк    тудыратын  бiрқатар 
вирустардың тiзбегi ашылған.  
60-шы  жылдардың  ортасында,  Л.А.  Зильбер  ашқан  вирусты-
генетикалық теория жасушалардың қатерлi iсiкке айналу себебiн және оны 
зерттеуге  бағытталған  жаңа  механизмдердi  түсiндiруде  аса  маңызды  рөл 
атқарды.  Бұл  теорияның  негiзгi  жағдайлары  кейiн  бiрқатар  зерттеулермен 
дәлелдендi. Қазiргi кезде, көбiнесе, кездейсоқ пайда болған қатерлi iсiктер 
онкогендi  вирустармен  шақырылады  деп  саналады.  Онкогендi  вирустың 
жасушаға  әсерi    ДНҚ  құрылымында  өзгерiс  шақырады.  Бұл  өзгерiстер 
жасушаларды  реттейтiн  жүйелер  арасындағы  қатынасты  бұзады,  соның 
әсерiнен  олар  қадағалаудан  шығып,  реттеуге  бағынбай  дамылсыз  өнiп-
өсiп, яғни көбейiп, iсiк ұясына алып келедi. 
Соңғы  20  жыл  iшiнде  өткiзiлген  көптеген  ғылыми  зерттеу 
жұмыстары,  бұл  теорияны  анықтайтын  бiрқатар  дәлелдердi  тапты  және 
сонымен 
қатар, 
молекулярлы 
генетика, 
биохимия, 
иммунология 
салаларының 
үлкен 
жетiстiктерi 
канцерогенездiң 
молекулярлы-
генетикалық  негiздерi  жайлы  жаңа  тереңделген  көзқарасқа  әкелiп  отыр. 
Айтатын болсақ, қалыпты жағдайда жасуша бөлiнуiн қадағалайтын гендер 
ашылған,  сонымен  қатар,  осы  алынған  гендер  жұмысына  көмектесетiн 
тағы басқа да ұсақ молекулярлы заттар ашылған. Iсiк гендерiнiң белгiлi бiр 
тобында  мутация,  яғни  жасушалардың  өзгеруi  арқылы  қатерлi  iсiк 
жасушаларының  туылымы  дәлелденген.  Мұндай  мутациялар  өз  бетiнше 
кездейсоқ  жағдайда  пайда  бола  алады,  бiрақ  канцерогендер  олардың 
жиiлiгiн жоғарлатады. 
Барлық  геномның  аз  ғана  бөлiгiн  құратын  гендердiң  екi  тобы  iсiк 
үрдiстерiн  реттеуде  аса  қызмет  атқарады.  Өздерiнiң  жалпы  қалыпты  дене 
құрылысында,  олар  жасушаның  өмiрлiк  циклын  қадағалайды;  ол  күрделi 


 
161 
үрдiс  және  ағзаның  реттеу  қасиетiне  бағынбайтын  биохимиялық 
серпілістерден тұрады.  
Гендердiң  1-шi  тобы 

  протоонкогендер,  олар  жасушаның  бөлiну 
үрдiсiн  арттырады;  2-шi  тобы 

  iсiк  тежеушi  (супрессиялаушы)  гендер, 
олар бұл үрдiстi кейiн қайтарып, басып  отырады. 
Мутацияның 
(өзгерудiң) 
нәтижесiнде 
протоонкогендер 
карциногендi  онкогенге  айналуы  мүмкiн,  олар  жасушалардың  аса  артық 
көбеюiн шақырады. Мутация онкогендердi реттейтiн белоктардың түзiлуiн 
шақыруы мүмкiн және оны одан да зор белсеңдi түрде жүргiзедi.  
Жасуша  бөлiнуiн  реттеуге  қатысатын  гендердiң  2-шi  тобы,  1-шi  топ 
гендерiнiң  әсерiн  басып  тастауды  қамтамасыз  етедi.  Оған  митоз  циклына 
кiретiн  жасушалардың  қосылуын  бәсеңдететiн  гендердiң  өнiмдерi  кiредi. 
Бұл  гендер  iсiк  тежеушi  (супрессиялаушы)  гендер  деп  аталады.  Iсiк 
супрессиялаушы  (тежеушi)  гендер  мутация  арқылы  белсендiлiгi  азайып, 
iсiк  өсуiне  көмектеседi.  Бұл  жағдайда,  жасушалардың  шамадан  тыс  өнуiн 
алдын  алатын  бақылайтын  супрессиялы  белоктар  белсеңдiлiгi  не 
төмендейдi, не мүлде жойылады. 
Гендердiң  пролиферациясын  «қоздырушы»  және  оны  “басып 
тастаушысы”  қарым-қатынасы  дұрыс  болса,  ол  жасушалық  бөлiну  аса 
нәзiк  үрдiсiн  қамтамасыз  етедi:  жасушаға  сыртқы  ортадан  берiлген  кез 
келген уақытта  түсетiн белгi жасуша бөлiнуiне әкелетiн қосылу және өшу 
(белсендiру  және  бәсеңдету)  үрдiстерiн  қамтамасыз  етедi.  Мұндай  iсiк 
супрессиялаушы  гендер  тобының  бұзылуы  немесе  жабылуы  қатерлi  iсiк 
туындататын жасушалардың сансыз өсуiне әкеледi.  
Қатерлi  iсiк  дамуы  үшiн  жасушалық  өсудi  қадағалаушы  бiрнеше 
гендер iске кiрiсуi тиiс. Протоонкоген мен iсiк супрессиялаушы гендерiнен 
басқа, iсiкке айналу үрдiсiнде басқа гендер топтарының мутантты түрлерi 
де  қатысуы  мүмкiн.  Бiрiншiден,  ол    жасушаның  инвазивтi  (қатыгездiк) 
өсуiн  шектеушi  және  метастаздану  (бөгелме  iсiк  беру)  қабiлеттiлiгiн 
шектеушi гендер, т.б. 
Әдетте,  жаңадан  пайда  болатын  iсiктiң  қатерленуiне,  көп  жылдар 
қажет. Бiрақ, көпшiлiк жағдайда, бұл үрдiс мутантты онкогендер мен iсiк 
тежеушi  гендердiң  ата-аналарынан  балаларына  берiлу  арқылы  үдетiле 
алады.  Онкогендердi  тасымалдаушы  болып  құрамына  осы  гендерi  бар 
онковирустар жатады, сонымен бiрге сол гендердi жасушалар ДНҚ тiкелей 
(ДНҚ-құрамды 
онковирустар 
бар 
жағдайда) 
немесе 
қайталама 
транскриптаза  арқылы  (РНҚ-құрамды  онкогендi  ретровирусы  бар 
жағдайда) онковирустар тасымалдай алады.  
Қатерлi  iсiкке  бейiмдiлiк  тудырушы  гендердiң  тiзiмi  күннен  күнге 
өсуде.  Сонымен  қатар,  ғалымдар  тұқымқуалаушылықтың  себебiн   
iздестiруде,  бұл  жағдай  қатерлi  iсiктi  ерте  анықтауда  тиiмдi  болады. 
Дерттiң  емiнде  жаңа  тәсiлдер  iздестiрiлуде,  олар  жаңа  ашылған 
канцерогенездiң  (рак  ауруының  пайда  болу  жолдары)  молекулярлық 
механизмiне  негiзделген  және  ғалымдар  қазiргi  кезде  iсiктiң  гендi  емiн 
iздестiруде. 


 
162 
Соңғы  20  жыл  iшiнде,  жаңа  бiлiмдерге  қарамастан,  қатерлi  iсiктiң 
пайда  болуы,  дамуы,  сонымен  қатар  жаңа  емдеу  тәсiлдерiн  қарастыру 
жақтары дамылсыз зерттелуде. Осыған қарамастан, iсiк емiн табуда үлкен 
үлес әлi де жоқ.  
Оның  бiрден-бiр  себебi  iсiк  жасушаларының  сау  жасушалардан 
айырмашылығының  өте  аздығына  байланысты.  Iсiктi  емдеу  кезiнде, 
арнайы емес емдер жиi қолданылады. Iсiк жасушаларына қарсы емдеу сау 
тiндердi  де  жарақаттайды,  сөйтiп  дәрiлiк  зат  немесе  қолданған  сәуле 
мөлшерi белгiлi бiр зиянсыз деңгейде болғаны жөн. Бiрақ, бұл жағдайдың 
аумағындағы да өзгерiстер жақсаруда.  
Осы  жоғарыда  айтылған  мәлiметтерден,  мынадай  тұжырым 
шығаруға  болады:  қатерлi  iсiк  жасушалары  генетикалық  құрылым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет