Альфа-фетопротеин адам
iсiктерiнде
бiрiншi
анықталған
эмбрионалды антигендердiң бiрi. Ол аурулар қанында және бауыр
гепатоцеллюлярлы iсiктер жасушаларында кездеседi, сонымен қатар,
аналық және аталық жұмыртқа бездерiнiң тератобластомаларында
кездеседi. Бұл антиген асқазан iсiгi бар ауруларда, қуық асты без iсiгiнде
және асқазан iсiгiнiң бауырға жайылуы кезiнде қан сарысуында кездеседi.
Карцино-эмбрионалды антиген ауру қанында серологиялық әдiс
көмегiмен анықталады және тiк iшек, тоқ iшектiң қатерлi iсiгi
жасушаларында табылады.