Ісікке қарсы иммунды жауаптың ерекшеліктері Сөйтіп, қатерлі ісіктердің көбісі антигенді болады және оған қарсы арнайы иммунды жауап туғызады. Көптеген тәжірибелер арқылы, аурулардың қанында ісік антигеніне
қарсы антиденелер, ал ісік тіндерінде цитотоксикалық лимфоциттер мен
макрофагтар бары дәлелденген. Қазіргі кезде, қалыпты жағдайда,
иммунды жүйе ісік өсуінiң алғашқы сатысында алдын ала кездесiп, өзгере
бастайды. Клиникалық түрде анықталатын ісіктің белгiлерi иммунды
жетіспеушіліктiң немесе ісік өсуінің кемелденуi болып табылады. Қатерлі
ісіктің көп жағдайында ісікке қарсы иммунды жауаптың тепе-теңсіздігі,
қарама-қайшылығы ерекше орын алады. Бұл ісік антигеніне төзiмдiлiк
пайда болғанда және ауруларда кедергi факторлар табылғанда байқалады.
Ісік дамуына қарсы иммунды жауапты түсіну үшін, оның түзілу тәсілін
бiлу қажет, ісіктің пәрмендi иммунды емiн, диагностикасының жаңа
166
тәсілін таңдау үшін ісікке қарсы жасушалық және гуморалды иммунитет
механизмдерінің ерекшеліктеріне тоқталу керек.