iсiкерекшелi трансплантациялық антигендер (ОСТА) маңызды рөл атқарады, олар
адам iсiктерiнiң көптеген жасушаларында кездеседi және көбiнесе
гистосәйкестiктiң әлсiз антигендер қатарына жатады. Олардың мөлшерi iсiк жасушаларының бетiнде қанша төмен болса, сонша ол iсiк қатерлi болады. Iсiк дамуындағы иммунитет тежелуiнiң маңызы Жасуша бөлiну және оны реттеуге қатысатын iсiк тежеушi гендер,
протоонкогендер және тағы басқа топты гендер әр жасушада кездеседi.
Қатерлi iсiкке әкелетiн мутация жиi жағдайда тұқым қуалайды немесе
канцерогендермен әсерленедi. Онкогендi вирустар табиғатта өте кең
тараған, сондықтан жасушалардың қатерлi iсiкке айналуы өте жиi кездесетiн жағдай. Iсiктiң клиникалық анықталу жиiлiгi мен оның аурудағы иммунды
жүйенiң байланысын зерттегенде, онда қалыпты жағдайдағы иммунды
жүйенiң жұмыс iстеуi көп жағдайда өзгерiп отырады. Клиникалық түрде