174
сәйкестi стандартты моноклонды антиденелер құрамалар қолданумен
жасалынады
Белгіленген
моноклонды антиденелерді соңғы жылдары, басқа
арнайы нәруыздарды – қатерлі ісік тасымалдануында қатысатын онкоген
заттарын және басқа да мутантты гендердi анықтауда қолданып жатыр.
Моноклонды
антиденелер
көптеген
ісік
түрлерінің
тұқымқуалау
бейімділігін шақырушы гендерді анықтауға да мүмкіншілік туғызады.
Солай, мутантты Мус – белок анықталуы Беркит лимфомасы, кеуде ісігі,
өкпе, асқазан ісігіне тән. Bcl-2 онкогенмен кодталған белоктар В-
жасушалық лимфомаға тән. МДМ-2
онкоген өнiмдерi адамда болатын
әртүрлі саркомаға сай. Негiзгi ісік супрессиялаушы гендер өнiмдерiнiң бірі
р53 белоктың мутантты түрі, адамның кең спектрлі қатерлі ісіктерiнде
анықталған. Бұзылған АРС геннің табылуы тік ішектегi ісікте
тұқымқуалаушық рөлдi анықтайды. BRCA 1, BRCA 2 - гендері сүт безі
ісігіне тұқымдық бейімділігін көрсетеді. Қазір қатерлі iсiктерге
ауыстыратын тұқымқуалаушы мутантты гендердің бірқатар тізімі бар.
Бірнеше ғылыми өндірістер, ғылыми ұжымдар иммунодиагностика үшін
арнайы моноклонды антиденелер қоспасын дайындаған.
Достарыңызбен бөлісу: