Арнайы зерттеулерде қазіргі заманның ісікке қарсы радио-, химиоемі мен оның қосарланған түрлері, ісік жасушаларын толық құртпайды. Олардың аз бөлігі үнемі түрде сақталады, себебі олардың
сезімталдығы
қалыпты
жасушаға
ұқсас.
Әрі
қарай
сәуленiң,
химиодәрiлерiнiң мөлшерiн ұлғайту мүмкін емес, себебі олардың әсерiнен
қалыпты жасушалардың зақымдануы көбейеді.
Сөйтіп, дәстүрлі ем тәсілін қолданғанда, ісік жасушаларының бәрі жойылмайды, оның үстіне өз бағытында өнiп-өсетiн жасушалар байқалады: iсiктiң төзiмдiлiгi жоғары жасушалары сақталып қалады және ісіктің қатерлі, зәрлi қасиеттерi күшейедi. Бірақ бұл жасушалардың
кейбiр бөлігі (10
8
-10
9
) иммунды жүйенiң арнайы жасушаларымен жойыла
алады. Бірақ ол үшiн иммунды жүйе жоғары деңгейде болғаны жөн.
Ал iсiктер көбiнесе, иммунды жетiспеушiлiк кезiнде пайда болады және олардың өсуiмен бiрге иммунды жетіспеушілік әрі қарай күшейеді. Дәстүрлі емдеу тәсiлдерi iсiктiң ағымын одан әрі күрделендiреді. Осыған
байланысты,
онкологиялық
ауруларды
емдегенде,
иммунды
жетіспеушілікті тоқтату қажет немесе оны қоздыру керек.
Осы мақсаттармен, қазiргi кезде негізі тимус гормондарын және
оның қосындыларын (тимозин, тактивин, тималин, тимоген, тимопентин,
диуцифон, декарис) қолданады, сонымен қатар, кейiнгi уақыттарда кең
тараған