Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет333/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   459
Гранулематозды  серпiлiс  жоғары  сезiмталдықтың  IV  түрiнiң 
серпiлiстерiнде  өте  мәндi  клиникалық  көрiнiсi  болып  табылады.  Әдетте, 
бұл  серпiлiстер  макрофагтарда  микроағзалардың  және  макрофагтар 
жоя  алмаған  басқа  бөлiктердiң  жасушаiшiлiк  персистенциясында 
дамиды. Ошаққа Тх1-ң  шоғырлануы нәтижесiнде және олардың бөлетiн - 
қоршаған 
тiндердiң 
жасушаларының 
пролиферациясын 
сергiтетiн 
цитокиндерiнiң әсерiнен  эпителийлік-жасушалық гранулема қалыптасады.  
Гранулема  қалыптасуы  цирконий  және  бериллийге  сезiмталдығы 
жоғары 
болғанда 
байқалады. 
Цирконий 
және 
бериллий 
әсерлi 
гранулемалардағы  макрофагтардың  цитоплазмасында  осы  металлдардың 
бөлiктерi табылады.  
Гранулематозды 
қабыну 
кезiнде 
белсендiрiлген 
макрофагтар 
цитокиндермен  созылмалы  ынталану  нәтижесiнде  өлшемi  үлкейiп, 
эпителий  жасушаларға  айналады.  Бұл  жасушалар  қосылып  гранулемаға 
тән, көп ядролы үлкен жасушаларға айналады. 
Гранулеманың  ядросы  макрофаг  пен  эпителий  жасушаларынан 
тұрады, ол лимфоциттер мен фибробласттар аймағымен қоршалады. Кейде 
коллагеннiң көп түзiлуiнен айқын фиброз байқалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   329   330   331   332   333   334   335   336   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет