Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет354/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   459
 
 
35-ші сурет. Созылмалы шырышты-терілік кандидозы бар науқас 
бала (по J. Kuby. Immunology, New-York, 1994 бойынша) 
 
Емiнде:  саңырауқұлақтарға  қарсы  препараттарды,  тасымалдау 
факторын  (трансфер-фактор),  аутологиялық  лимфоциттердi  құю  және 
ұрықтың тимусын көшiрiп отырғызу табысты қолданған. 
 
Аралас Т- және В- иммундық тапшылықтар 
Аралас  Т-  және  В-  иммундық  тапшылықтар  бiрiншiлiк  ИТЖ-дың 
жалпы    санының  10-25%  құрайды.  Бұл  ауру  тобы  клиникалық  және 
иммунологиялық  тұрғыда  жасушалық,  сондай-ақ  гуморалдық  иммунитет 
ақауларымен  сипатталады.  ААИТ  әдетте  ерте  жасында  (1  жасқа  дейiн) 
ауыр және дерттi жұқпалар түрiнде басталады.  
Иммунограммада  жасушалық  иммунитеттiң  терең  бұзылыстары, 
антидене  жетiспеушiлiктерi,  Т-лимфоциттiң  мөлшерiне  байланысты 
лимфопения  көрiнедi.  Функционалды    сынамалар  -  лимфоциттердiң 
бласттық  трансформациялаушы  серпiлiсi,  лейкоциттердiң  миграциясын 
тежеуші 
серпiлiсi, 
Т-жасушалық 
цитокиндер 
өнiмдерi, 
жоғары 
сезімталдықтың  баяу  түрінің  терiлiк  сынамалары  күрт  төмендеген. 
Осындай  иммундық  тапшылығы  бар  балаларда  дамудың  тоқталуы 
және/немесе 
туа 
пайда 
болған 
ақаулар, 
төменгi 
вируленттi 
оппортунистикалық  микроағзалармен  шақырылған,  персистенцияланған, 
баяу жүретiн және қажырлы жұқпалар байқалады. Қатерлi iсiктердiң даму 
қауiпi өте жоғары. 
 


 
240 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   350   351   352   353   354   355   356   357   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет