35-ші сурет. Созылмалы шырышты-терілік кандидозы бар науқас бала (по J. Kuby. Immunology, New-York, 1994 бойынша) Емiнде: саңырауқұлақтарға қарсы препараттарды, тасымалдау
факторын (трансфер-фактор), аутологиялық лимфоциттердi құю және
ұрықтың тимусын көшiрiп отырғызу табысты қолданған.
Аралас Т- және В- иммундық тапшылықтар Аралас Т- және В- иммундық тапшылықтар бiрiншiлiк ИТЖ-дың
жалпы санының 10-25% құрайды. Бұл ауру тобы клиникалық және
иммунологиялық тұрғыда жасушалық, сондай-ақ гуморалдық иммунитет ақауларымен сипатталады. ААИТ әдетте ерте жасында (1 жасқа дейiн)
ауыр және дерттi жұқпалар түрiнде басталады.
Иммунограммада жасушалық иммунитеттiң терең бұзылыстары,
антидене жетiспеушiлiктерi, Т-лимфоциттiң мөлшерiне байланысты
лимфопения көрiнедi. Функционалды сынамалар - лимфоциттердiң
бласттық трансформациялаушы серпiлiсi, лейкоциттердiң миграциясын
тежеуші
серпiлiсi,
Т-жасушалық
цитокиндер
өнiмдерi,
жоғары
сезімталдықтың баяу түрінің терiлiк сынамалары күрт төмендеген.
Осындай иммундық тапшылығы бар балаларда дамудың тоқталуы
және/немесе
туа
пайда
болған
ақаулар,
төменгi
вируленттi
оппортунистикалық микроағзалармен шақырылған, персистенцияланған,
баяу жүретiн және қажырлы жұқпалар байқалады. Қатерлi iсiктердiң даму
қауiпi өте жоғары.