Оқулық Ә.Ә. Шортанбаев, С. В. Кожанова



Pdf көрінісі
бет358/459
Дата21.03.2022
өлшемі10,03 Mb.
#28504
түріОқулық
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   459
Зертханалық  тексеруде:  Т-  және  В-лимфоциттер  мөлшерiнiң  азаюы 
салдарынан, айқын өршiмелi лимфопения, сарысулық иммуноглобулиндер 
мөлшерінің күрт төмендеуi анықталады.  
Емi: 
науқастарға 
тазартылған 
бұқаның 
АДА 
ферментi 
мен 
полиэтиленгликоль  қоспасын  қолданады.  Полиэтиленгликоль  бұқа 
ферментiнiң иммуногендiгiн азайтады және ағзада ұзақ сақталуына әсерiн 
тигiзедi.  
ААИЖ  дәл  осы  түрi  гендiк  терапия  көмегiмен  табысты  емделген 
адамның  алғашқы  ауруы  болып  табылады.  1990  жылы  АҚШ-да  бұл 
емдеудiң  алғашқы  табысты  тәжiрибесi  жасалды.  W.F.  Anderson  дәрiгерi 
өзiнiң  әрiптестерiмен  бiрге,  ААИЖ  осы  түрiмен  сырқаттанған  4  жасар 
Ashanti  Desilva  деген  қыз  балаға  гендiк  терапия  курсын  жүргiзген. 
Ретровирусты  вектор  арқылы,  қыз  баладан  алынған  сүйек  кемiгiнiң 
жасушаларына  қалыпты  адамның  АДА  ферментiнiң  генiн  енгiзген,  содан 
кейiн  осы  жасушаларды  науқасқа  қайта  енгiзген.  Бұл  процедураны 
жылына  4  рет  жасау  нәтижесiнде,  науқас  толық  емделiп  шыққан.  Ашанте 
қазiр  14  жаста,  денi  сау,  мектепте  оқиды,  спортпен  шұғылданады, 
құрбыларына  қарағанда  жиi  сырқаттанбайды.  2000  жылдың  басында 
гендiк терапия әдiсiмен 10 жуық адам емделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   354   355   356   357   358   359   360   361   ...   459




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет