3.66-сурет. Алдыңғы және артқы қысқыштарының орталарының
өзіктестігін анықтау схемасы:
1
— бойлық бағыттағыш;
2
— алдыңғы қысқыш ортасы;
3
— артқы
қысқыш ортасы;
l
— жақтау бойынша индикатордың жылжу шамасы;
а, b
— индикаторлар көрсеткіштері;
к
— тік кеңістікте алдыңғы және артқы
қысқыштың ось орталары белдіктерінің сәйкес келмеу шамасы
Көлденең тірек шпиндельдің осьтерінен әрбір бағытта 150 мм
жылжығанда ауытқу 300 мм ұзындығынан 0,02 мм аспауы керек.
Артқы қысқыштың дұрыс орнатылуы қыспақ арқылы индикатор
бойынша тексеріледі. Артқы қысқыштың күпшесіндегі саңылау
белдігі көлденең және тік кеңістіктердегі тұғыр бағыттағыштарына
параллельді болу керек (3.64 және 3.65-суреттер). Бұл тексерісті екі
кеңістікте де сағат тәріздес индикаторлармен жүргізеді. Сонымен
қатар, ұзындығы 300 мм түпнұсқалық жақтауды қолданады, ал
индикаторлар суппортқа немесе өлшегіш пластинаға бекітеді және
тұғыр бағыттағыштары бойынша жылжытады (3.62,
б-
суретті
қараңыз
).
Жоғарғы суппорттың нөлдік штрихтың дұрыстығын және
алдыңғы және артқы орта осьтерінің сәйкес келуін индикатор және
жақтау арқылы тексеруге болады (3.66-сурет).
Құрастыру өндірісі операцияларды орындау күрделілігімен және
әртүрлілігімен, жоғарғы еңбек сыйымдылығымен және құнымен
сипатталады. Машина жасау және аспаптар жасауда құрастыру
барысындағы еңбек сыйымдылығы бұйымды жасаудағы жалпы
еңбек сыйымдылығынан 30... 70% құрайды, ал олардың қазіргі
таңда автоматтандырылуы 10.15% аспайды. Қол еңбегінің
шығындарын
Достарыңызбен бөлісу: