Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет12/233
Дата31.12.2021
өлшемі8,99 Mb.
#21590
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   233
ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАРЫ
 
1. 
Қауіпсіздік стандарттары талаптарына сәйкес сертификаты бар ДК 
не үшін сатып алу керек?
 
2. 
Дербес компьютерлердің сертификациясы дегеніміз не?
 
3. 
Сертификацияның қандай түрлері болады? Олардың 
айырмашылығы қандай?
 
4. 
Есептеуіш техникаларын пайдаланушы үшін өндірістік қауіпті 
және залал факторларын атаңыз.
 
5. 
Эргономикалық қауіпсіздік дегеніміз не?
 
1.4. 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАР. 
ЖҰМЫС ОРНЫН ҰЙЫМДАСТЫРУҒА 
ҚОЙЫЛАТЫН ЗАМАНАУИ ТАЛАПТАР
 
Әлемдегі  компьютерлік  техникаға  ең  қатаң  талаптарды  шведтер    қойған. 
Олар  адам  денсаулығына  сәулеленудің  барлық  түрлерінің  ықпалына  толық 
зерттеулер  жүргізген.  Еуропалық  одақ  елдері  ЕС  бірыңғай  стандартты  құру 
кезінде  шведтің  ТСО  92  стандарттарына  сүйенген.  Бейнемонитордың  сырт 
жағында  техникалық  сипаттамалары  бар  тақтада  әріптер  мен  цифрлармен 
белгіленген эмблеманы көреміз.  
Егер сіз MPR1990:10 жазуын көрсеңіз, бұл монитор сәулелену, сондай-ақ 
ауыспалы  электр  және  магнитті  өрісі  бойынша  швед  стандартына 
сәйкестендірілген (ЕС стандарты бойынша қабылданған).  
MPRII  жазуы    –    осы  стандарт  MPR1990:10  стандартының  барлық 
шарттарын толық көрсетпейді.    MPRII  стандарты  магнитті және  электр өрісі 
бар  жерде  адамдардың  жұмыс  істеу  концепциясына  негізделген,  сондықтан 
монитор,  компьютер  сияқты  біз  пайдаланатын  құрылғылар  қолданыстағы 
электр  және  магнитті  өрістерден  артық  болмауы  керек.  ТСО  стандарты 
құрылғылардан электрикалық және магнитті өрістерінің сәулеленудің кемуін 
талап  етілетіндігін  атап  өтеміз.  Біздің  айналамыздағы  электрикалық  және 
магнитті  өрістерге  тәуелсіз,  техникалық  мүмкіндігі  қаншалықты  төмендете 
алғандағы  кемуді  талап  етеді.  Осылайша  TCO  стандарты  MPRII  қарағанда 
қаталдау.
 


18
 
ISO9241-3  жазуы  халықаралық  стандарттың  белгісі,  ол  дисплейге 
қойылған  эргономикалық  талаптарды  қанағаттандырады  және  көздеріңізді 
сақтайды.
 
TCO  аббревиатурасы  визуалды  эргономикалық  параметрлер  мен 
ауыспалы  электр  және  магнитті  өрістері  бойынша  Швед  кеңесінің  кәсіби 
қызметшілерінің  талаптарына  сәйкес  деген  мағынаны  білдіреді.    TCO 
халықаралық  стандарты  компьютер  пайдаланушыларына  қауіпсіз  жұмысқа 
кепілдік беру мақсатында әзірленген. ТСО ұсыныстары пайдаланушылардың 
денсаулығы  үшін  өте  қауіпсіз,  сапалы  өнімдерді  құру  үшін  монитор 
өндірушілерімен  пайдаланылады.  ТСО  ұсыныстарының  мәні  сәулеленудің 
түрлі  типтерінің  рұқсат  етілген  мағынасын  анықтау  ғана  емес,  және 
монитордың  минималды  қолайлы  параметрлерін  анықтау  (мысалы  қолдаулы 
рұқсаттар,  люминофор  жылтырауының  иньенсивтілігі,  жарық  запасы, 
энергияны  пайдалану,  шу  және  т.б.).  ТСО  әзірленген  ұсыныстарының 
құрамына  бүгін  үш  стандарт  кіреді:  TCO92,  TCO95  және    TCO99,  мұндағы 
цифрлер қабылдау жылын көрсетеді.  
TCO92  стандарты  тек  ғана  мониторлар  үшін  әзірленген.  Ол  монитордың 
жұмыс істеу кезінде рұқсат етілген элекртомагнитті сәулелердің максималды 
шамасын анықтайды, сондай-ақ монитордың энергиясын сақтау функциясына 
стандарт белгілейді.  
 TCO95 стандарты толықтай дербес компьютердің барлығына таратылады, 
яғни монитор, жүйелі блок және пернетақта, және эргономикалық құрамына, 
сәулеленуге (электр және магнитті өрістер, шу және жылу), энергияны сақтау 
және  экология  режимдеріне  (өнімнің  міндетті  адаптациясына  және 
фабрикадағы  өндірістің  технологиялық  процесінің  талаптарымен)  қатысты. 
Мониторлардың  электромагнитті  сәулеленуіне  қатысты  TCO95  талаптары 
TCO92 қарағанда аса қатал болып табылады.  
TCO99  стандарты  TCO95  қарағанда  келесі  салаға  аса  қатал  талаптар 
қояды:  эргономика  (физикалық,  визуалды  және  пайдалану  жайлылығы), 
энергия,  сәулелену  (электр  және  магнитті  өрістер),  қоршаған  орта  және 
экология,  сонымен  қатар  өрт  және  электр  қауіпсіздігі.  TCO99 
спецификациясы  TCO95,  ISO,  IECи  EN  стандарттарынан,  сондай-ақ 
ECDirective  90/270/EEC  және  Швед  ұлттық  стандарты  MPR1990:8  (MPRII) 
және бұрынғы ТСО ұсыныстарынан алынған талаптарды құрайды. 


 
 
19
 
Энергия  сақтау  бойынша  талаптар  компьютер  мен  монитордың  белгілі  бір 
уақыттағы  әрекетсіздігінен  кейін  бір  немесе  бірнеше  сатыға  энергияның 
пайдалану деңгейін төмендету қажеттілігін кірістіреді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   233




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет