174
Сур. 3.25. Жады модулін алып шығу Сур. 3.26. Жады модулін орнату
Кішкентай шерту – модуль бекітілгендігінің кепілі.
Ноутбук жадысын жаңарту кезінде мыналарды еске сақтау қажет:
■
әдетте ноутбукта жедел жады модуліне арналған тек бір ғана слот болады.
Бұл жағдайда ескі модульді алып тастайды және жаңасын орнатады. Ескі
модульді сатып жіберуге болады. Жаңа модульді ноутбуктерді жаңартумен
айналысатын арнайы дүкеннен сатып алуға болады. Бұл жағдайда ескі
модуль бағасы жаңа модульді сатып алу есебіне «түседі» және жаңарту
арзанға шығады;
■
егер екі слот болса, онда екінші дәл сондай көлемдегі модульді орнатуға
болады, яғни егер бірінші модуль 512 Мбайт болса, онда екіншісі де сондай
көлемде болуы дұрыс. Егер ЖЖҚ көлемін 2 Гбайтқа дейін ұлғайту қажет
болса, онда ескі модульді шығарып алып сатып жіберу керек, ал оның
орнына 1 Гбайттан екі
модуль орнату керек;
■
ДК аналық тақтасы сақтап тұратын ЖЖҚ ең үлкен көлемін ескеру қажет.
ЖЖҚ ең үлкен көлемін ноутбук бойынша нұсқаудан, немесе өндірушінің
сайтынан, немесе ноутбукты өндірушінің қызмет көрсету орталығына
қоңырау шалып білуге болады;
■
әдетте SODIMM (SmallOutlineDual-InlineMemoryModule) типтегі модульдер
қолданылады.
Қатқыл дискті жаңарту. Жаңа қатқыл дискті орнату ноутбуктың
өнімділігін арттыруға көмектеседі. Біріншіден, жаңа қатқыл диск
жылдамырақ жұмыс жасайды. Ноутбуктерге арналған ескі қатқыл дисктерді
4 200 айн./мин артық жасамайды, жаңа модельдер 5 400 және 7 200 айн./мин
жылдамдықпен айналады.
176
Сур. 3.27. Ноутбуктың қақпағы ашық
Сур. 3.28. Қатқыл дискті
алып шығу
Қатқыл дискті жаңарту процесін қарастырамыз. Ноутбукті сөндіріп
төңкеру керек. Қатқыл дискті жауып тұратын қақпақты тауып алу керек (сур.
3.27). Қақпақты ашамыз (ол үшін екі бұрама шегені бұрап алу керек).
Қатқыл дискті шешіп алу үшін арнайы «тұтқасын» ұстап тарту керек,
содан соң жоғары көтеру керек (сур. 3.28).
Егер қатқыл дискті дербес компьютерге (деректерді көшіру үшін) жалғау
қажеттілігі болса, қатқыл дискті SATA-USB жалғастырғышына және дербес
компьютерге қосу керек. Қатқыл диск қарапайым флешка ретінде
анықталатын болады.
Жаңа қатқыл дискті орнату мен ноутбукті жинау кері тәртіппен жүзеге
асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: