МкқК №6 кәсіптік лицейдің аттестаттау комиссиясының отырысының



Дата15.11.2023
өлшемі93,07 Kb.
#123014
Байланысты:
Хаттама №1







«ИНДУСТРИАЛДЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ» МКҚК
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІ

Хаттама

Ү 5 .2-ҮК

4 басылым

1 парақтың 1 беті



Тәрбие сағатының

____ ХАТТАМАСЫ


Шымкент қаласы
Қатысқандар:
АЭ23-36к тобының студенттері.
Топ жетекшісі: Сапархан Г.
Ө/ш: Беккулиев Б.


Күн тәртібінде:

  1. «1 қыркүйек-Білім күні»

  2. Колледждің ішкі тәртібі мен ережелері.

Тыңдалды:

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша топ жетекші Туреева А сөз алды. Ол өз сөзінде:


Қыркүйектің бірі – ерекше күнтізбелік күн екенін айтты. Мерекенің шығу тарихына тоқталып қысқаша баяндады:
Аталған күннің шығу тарихын іздегіміз келсе, б.з. ІV ғасырларға сапар шегуімізге тура келеді. Мұның сыры мынада: 325 жылы атақты Рим императоры Константин әлемді таң қалдырған алып шіркеу тұрғызып, бірінші қыркүйек күні Жаңа Жыл мерекесін тойлау туралы шешім шығарады.
Алайда қаулы бірден өз күшіне еніп кете алған жоқ. Ресейде және басқа да мемлекеттерде Жаңа Жылнаурыз-сәуір айларында атап өтіліп жүрді. Жүздеген жылдарды араға салғаннан кейін, 1492 жылы ІІІ Иоаннаның бұйрығымен Жаңа Жылды тойлау дәстүрі бірінші қыркүйекке ауыстырылады.
Бірінші қыркүйек – Білім күні
Бұл жылдары мектептер шіркеу қабырғаларында орналасқандығынан хабардар боларсыз. Осы себепті оқу жылының басталуы Жаңа Жылмен бірдей етіп белгіленеді. Айтпақшы, бұл күні Жаңа Жыл, Білім Күні мерекелері ғана емес, салық жиналатын күн болған. Және дәл осы күні патшалықтың мұрагерін таныстыру шаралары өткізіліп, «Дәндер» күні де атап өтіледі екен. Дәстүр бойынша, мерекеде адамдар өз аулаларындағы ағаштарға ленталар байлап, шырақтармен, моншақтармен безендірген.
Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар
Иоаннаның жарлығынан кейін кыркүйектік «жылбасы» жалғаса берген болатын, тек 1699 жылы Еуропалықтардан ерекшеленбес үшін Жаңа Жылды тойлау бірінші қаңтарға ауыстырылды. Бір қызығы, дәл осы жыл – төрт айға ғана созылған екен (1 қыркүйек – 1 қаңтар). Неге оқу жылының басталу күні өзгертілмеді? Өйткені, жылдың төрт айға созылуына рұқсат берілсе де, оқушылардың білім алуына кедергі келтіруге болмайтын еді. Олай болған жағдайда, балалар бір сыныпты төрт айда аяқтап тастаулары керек болатын. Ал бұл мүмкін емес. Бір жағынан климаттың да әсері болғанға ұқсайды, өйткені оқушыларға күздің қара суық күндеріне қарағанда жаздың жаймашуақ күндерінде демалған әлдеқайда ыңғайлы еді.
Осылайша, жұмбақтың шешуін де таптық! Оқушылардың мектепке қыркүйектің бірінде баруларының себебі: баяғы замандарда бұл күні күздің алғашқы күні ғана емес, күнтізбенің алғашқы күні басталатын болған. 1984 жылдан бастап, «Білім күні» күнтізбеде қызылмен белгіленетін болды.
Топ жетекшісі колледж формасы қандай болу керек екенін тағы да қайталап айтты. Ұл балаларға көк немесе қара түсті костюм шалбар, ақ жейде кию керек (қыз балдарға ақ көйлек, қара юбка). Колледжде хиджап, никаб, паранджа, қалпақ, әр түрлі түсті орамалдар салуға, алқа, крест тағы басқа заттарды тағуға тиым салынатындығын айтып өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша ө/о шебері Беккулиев Б. сөз алды. Ол өз сөзінде:
Студенттерді биылғы оқу жылының басталғанымен құттықтады және колледждің ішкі тәртібімен таныстырды. College SmartNation платформасымен жұмыс істеуді үйретті.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша топ студенттері бір ауыздан қаулы қабылдады




ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАУЛЫ:
Сабаққа уақытылы келіп, киім үлгісіне назар аудару, жақсы оқып, тек жоғары жетістіктер көрсетуге талпыну.

Төрағасы _____________ Сапархан Г.


Топ шебері _____________ Беккулиев Б.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет