а
б
Сурет 8-6.
Жүрек ұшы түрткісін анықтау әдістемесі
221
Қантамырларының аймағын қарау
Шеткері артериялар аймағын қарауда
қан айналым бұзылыстарын
(сирақтар терісінің температурасының төмендеуі, оның боздығы немесе
көгілдірленуі) және тіндер трофикасының бұзылыстарын (тырнақ және
шаш
өсуінің нашарлауы, терінің және май шел қабатының жұқаруы)
анықтауға болады.
Ірі веналарда қан ағуының бұзылыстарында, коллатералді қан
айналымыны
жылдам дамиды; коллатеральды веналарды тері астынан
байқауға болады (мысалы, жоғарғы қуыс венаның окклюзиясында –
кеуденің алдыңғы іргесінде, төменгі қуыс венаның окклюзиясында – іштің
төменгі бөлігінде). Жіліншік көлемінің ұлғаюы немесе оның ісінуі,
жіліншіктің терең веналарының тромбозының белгісі болуы мүмкін.
Артериалдық қысымды өлшеу
Қолда және аяқта АҚ өлшеу үшін жасына және иық пен сан айналым
өлшеміне сәйкес манжет қолданылады.
Жүрек тұсын пальпациялау
Жүрек тұсын пальпациялағанда алдымен жүрек ұшының түрткісі
анықталады (сурет 8-6). Оң алақанды кеуденің сол жағына жүрек тұсына,
саусақтар қабырға аралығына қойылады, кейін саусақ фалангаларын төске
қарай максимальды пульсация анықталатын аймаққа дейін жылжытылады.
Егер жүрек
ұшы қабырға астында орналасса, жүрек ұшы түрткісі
анықтау үшін баланы бүйіріне жатқызу қажет. Жүрек ұшы түрткісінің
локализациясы, аймағы, биіктігі және күші бағаланады (кесте 8-4).
222
Кесте 8-4.
Жүрек ұшы түрткісінің сипаттамасы
Параметрлері
Жүрек ұшы түрткісінің сипаттамасы
Орналасуы
2 жасқа дейінгі балада – бұғана орта сызығынан
сыртқа қарай төртінші қабырға аралықта;
2-ден 7 жасқа дейін – бұғана орта сызығынан
сыртқа қарай бесінші қабырға аралықта;
7 жастан жоғары –
бұғана орта сызығы бойымен
немесе сол сызықтан ішке қарай бесінші қабырға
аралықта
Аймағы
Жүрек түрткісі аймағы ерте жастағы балаларда 1
см х 1 см, ал ересек балаларда аймағы 2 см² кем
болса шектелген деп есептеледі. Жүрек ұшы
түрткісі аймағы 2 см² көп болса немесе екі және
одан көп қабырға
аралығында пальпацияланса,
жайылмалы деп есептеледі
Биіктігі
(кеуде
ырғағы
амплитудасын
анықтайтын өлшем)
Биіктігі бойынша жүрек ұшының түрткісі
біркелкі (қалыпты), биік (мысалы, жүрек ұшы
түрткісі бала мазасыздығында жоғарлайды) және
төмен болуы мүмкін
Күші
(резистенттігі)
–
соғуға
кедергі
болатын,
саусақпен
сезілетің қарсылық
Біркелкі (қалыпты), жоғарғы резистентті және
әлсіз жүрек ұшының түрткісі ерекшеленеді
Жалқықты перикардитте және ауыр дәрежелі миокардитте жүрек ұшы
түрткісі әрқашан анықтала қоймайды. Жүрек түрткісі жүрек аймағында
кеуденің соққысы ретінде алақанмен сезіледі.
Қақпашалық саңылау өзгерісі немесе
паталогиялық жолдар арқылы
турбулентті қан ағысымен негізделген кеуденің алдыңғы іргесінің
систолалық немесе диастолалық дірілін
(«мысық пырылы») жүрек
аймағын пальпациямен анықтауға болады.
Эпигастриялдық пульсация
терең
тыныс алу шыңында оңай
анықталады (сурет 8–7а). Дені сау балада құрсақтың қолқадан аздап
берілетін пульсацияны жиі анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: