218
Дені сау балалардың оң және сол қолындағы АҚ айтарлықтай
айырмашылығы жоқ. Аяқта қолына қарағанда АҚ көрсеткіші 10-15 мм
сын.бағ. жоғары.
Пульстік
қысым
–
систолалық
және
диастолалық
АҚ
көрсеткіштерінің алымы (әр систолада жүрек
шығаратын қан көлеміне
пропорциональды). Жас өскен сайын пульстік қысым жоғарылайды:
нәрестелерде орта есеппен 42 мм сын.бағ. бойынша құрайды, 5-6 жаста –
44 мм сын.бағ. бойынша, 14-15 жаста – 52 мм сын.бағ.
ЖҮРЕК-ТАМЫР ЖҮЙЕСІН
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ
Сұрастыру
Балаларда жүрек-тамыр жүйесінің патологиясына тән шағымдар:
- физикалық жүктеме кезінде әлсіздік, жылдам шаршағыштық;
- физикалық жүктеме кезінде, тіпті тыныштықта ентігу (тыныс
жиілігінің, ырғағының және тереңдігінің бұзылуы,
ауа жетіспеудің
субъективті сезімі);
- тыныштықта немесе физикалық жүктемеде еріннің, тырнақтардың,
жалпы тері цианозы;
- аяғының, белінің, бетінің ісінуі;
- жүрек қағу сезімі (науқас өзінің жүрек соғуын сезеді);
- талмалар;
- жүрек тұсының ауырсынуы (ересек балаларда).
Мұндай жағдайда
ауырсыну орнын, уақытын және жиілігін,
ұзақтығын, интенсивтігін,
таралуын,
тудырушы факторларды, ауырсыну түрін, дәріге не басқа
ықпалға реакциясын анықтау керек;
- ауыспалы ақсау (жіліншік бұлшық етінің физикалық жүктемеде
ауырсынуы және тыныштықта жойылуы), аяқ
сирақтарында артериалдық
қанайналымының созылмалы жетіспеушілігін куәландырады.
Достарыңызбен бөлісу: