Оқулық «гэотар-медиа»



Pdf көрінісі
бет302/315
Дата15.11.2023
өлшемі12,15 Mb.
#122940
түріОқулық
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   315
Лимфа түйінінің құрылысы
(13-8 сурет). Лимфатикалық түйін трабекула 
арқылы ішкі қабырғаларға өтетін дәнекер тіндік капсуламен қапталған. 
Капсуланың астында лимфаға келіп құюшы әкелуші (афференттік) 
тамырлардың 
синустық 
аймақтар 
орналасқан. 
Лимфа 
аймақтық 
синустардан аралық синустарға лимфа түйіндерінің қалыңдығынан өтіп 
келіп құяды.
Лимфа түйіндерінің анатомо - физиологиялық ерекшеліктері 
Лимфа түйіндерінің жасқа байланысты құрылыстық және 
функционалдық ерекшеліктері болады.
Жаңа туылған нәрестелерде: 
Лимфа түйіндерінде жұқа капсуласы бар; 
Трабекулалар дамымаған; 
Лимфа түйіндері жұмсақ; 
Қорғаныштық қызметі төмен; 
Инфекцияны қабылдауға бейім; 
Ерте жастағы балаларда: 

Түйіндердің капсулалық дәнекер тіндерді дамуы; 

Трабекуланың пайда болуы; 

Лимфа түйіндерінде қабыну реакцияларының (лимфаденит) 
дамуы мүмкін.
7 - 8 жастағы балаларда лимфа түйіндерінде инфекцияның жолын кесу 
мүмкін.
12 - 13 жастағы балалраға тән: 
Лимфа түйіндерінің құрылысының аяқталуы; 
Пубертратты кезеңде лимфа түйіндерінің өсуінің тоқтауы.
 
Лимфа түйіндерінің топтары 
Желке лимфа түйіндері шүйде сүйектің төмпешегінде орналасқан, ол 
бас терісінің және мойынның артқы бөлігінен лимфаны жинайды.
Емізікше лимфа үйіндері құлақ артында емізік тәрізді өсінді 
аймағында орналасқан, құлақ алдыңғы лимфа құлақтың сілекей безінде 
орналасқан. Олар ортаңғы құлақтан, теріден, құлақты қоршай орналасқан 
және сыртқы есту түтігінен лимфаны жинайды. оларды құлақ маңымен 
бірге анықтайды.
 


433 
13-8 сурет. Лимфа түйінінің құрылысы 

Жақасты - төменгі жақтың бұтақтарының астында орналасқан
лимфаны беттің терісінен және қызыл иектің шырышты қабығынан 
жинайды.

Иектік лимфа түйіндері лимфаны төменгі еріннен, қызыл иектің 
шырышы қабығынан және төменгі азу аймағынан жинайды. 

Мойынның алдыңғы және тонзилярлық лимфа түйіндері төс - бұғана 
- емізікше бұлшықеттің алдыңғы бетінде орналасқан, негізінен мойынның 
жоғарғы үшбұрышында. Лимфаны бет терісінен, құлық маңы бездерден, 
тамақтың шырышты қабығынан, мұрын және ауыз қуысынан жинайды. 

Мойынның артқы лимфа түйіндері төс - бұғана - емізікше 
бұлшықеттен артқа трапеция тәрізді бұлшықетке қарай орналасқан. 
Лимфаны мойын терісінен және азынара өңештен жинайды. 
Келтірілген лимфа түйіндерінің топтарын үлкен бір топқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   298   299   300   301   302   303   304   305   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет