133
Баланың сүйек тінінде үлкендерге қарағанда минеральдық заттары аз
және органикалық заты мен суы көп. Талшықты құрылымы және
химиялық құрамының ерекшелігі жоғары серпілділігін негіздейді:
балалардың сүйегі оңай иіледі және деформацияланады, бірақ аз сынғыш.
Сүйек беті салыстырмалы тегіс. Сүйек шодыры баланың дамуына сәйкес
және бұлшық еттің функциясының белсенділігіне қарап қалыптасады.
Балалардың сүйек тінінің қанмен қамтамасыз етілуі қарқынды,
сондықтан
сүйектің
өсуін
және
сынықтан
кейін
жылдам
регенерациялануын қамтамасыз етеді. Қанмен қамтамасыз ету ерекшелігі,
балаларда гематогенді остеомиелит дамуына бейімдейді (2-3 жасқа дейін
жиі эпифизде, ал ересектерде - метафиздерінде).
Балалардың сүйек қабы үлкендерге қарағанда қалың (жарақаттағанда
сүйек қабының сынығы және «жасыл бұтақ» сынығы түрінде пайда
болады), және оның функциональдық белсенділігі айтарлықтай жоғары,
сондықтан сүйек қалыңдығының жылдам өсуін қамтамасыз етеді.
Құрсақішілік кезеңде және жаңа туған нәрестеде барлық сүйектер
қызыл сүйек кемікпен толтырылған, құрамында қан жасушалары және
лимфоидты элементтері бар, олар қан тузу және қорғаныс функциясын
атқарады. Үлкендерде қызыл сүйек кемік тек жалпақ сүйектің кеуекті
ұяшықтарында, қысқа кеуекті сүйектерінде және жіліктердің эпифизінде
болады. Жіліктердің диафизінің кемікті қуысында сары сүйек кемігі бар.
Он екі жасқа қарай баланың сүйегі сыртқы және гистиологиялық
құрылымы бойынша үлкендердікіне жақын.
Достарыңызбен бөлісу: