Сұрзат, substantiagrisea, жұлынның оң және сол жартыларында, бір-бірімен аралықсұрзатпенқосылған алдыңғыжәне артқыбағаналарды, columnaanterioretcolumnaposterior , құрайды. Аралық сұр зат VIII мойындық сегменттен II- III белдік сегменттер аралығында бүйірлік дөңесті- латералды бағананы, columna lateralis,түзеді. Жұлынның ортасында орталық өзек , canalis centralis, орналасқан. Өзектің жоғарғы шеті IV қарыншамен қатынасады, ал төменгі шеті милық конус аймағында біраз кеңейіп соңғы қарыншаны, ventriculusterminalis, түзеді. Өзек нерв түтігінің қалдығы болып табылады, оны ми-жұлынсұйықтығытолтырып тұрады. Жұлынның көлденең кесіндісінде сұр заттың пішіні көбелекке немесе «H» әрпіне ұқсас болып келеді. Сұр заттың алдыңғымүйізін, cornuanterius, және артқымүйізін, cornuposterius, ажыратады. Олардың арасында орталық аралық және бүйір аралық заттар орналасқан. Орталық аралық зат , substantia intermedia centralis, орталық өзекті қоршап жатады. Латералды аралық зат, substantiaintermedialateralis, орталық аралық заттың жалғасы болып табылады да, жұлынның СVIII -LII-III сегменттерінде бүйірлік дөңесті- латералды мүйізді, cornu laterale,құрайды (латералды бағананың көлденең кесіндісі).Substantiaintermedialateralis– вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің орталағы болып табылады.
Артқы мүйізде ендірме нейрондар орналасқан, олар ядролар құрап, сезімталдықтың әр түрлерін қабылдайды.Артқы мүйізде меншіктіядроны, nucleusproprius, кеуделікядроны, nucleusthoracicus,(Кларк-Штиллинг ядросы ) сілікпетәріздізатты,substantiagelatinosaжәне басқа да ядроларды ажыратады. Оларда жұлын түйінінде орналасқан сезімтал нейрондардың орталық өсінділері (аксондары) келіп аяқталады. Орталық өсінділер жұлынға артқы түбіршіктер арқылы енеді.
Жұлынның алдыңғы мүйізінде қозғалтқыш нейрондар орналасқан.Олар бес: латералды-алдыңғы,латералды-артқы, медиалды-алдыңғы, медиалды-артқы және орталық ядроларды түзеді.Бұл нейрондардың аксондары жұлыннан алдыңғы түбіршіктің құрамында шығып, жұлын нервісін түзуге қатысады.
Жұлынныңақзаты,substantiaalba, сұр затты қоршай орналасып, оң және сол жақтарында үш жіпшеге бөлінеді. Алдыңғы жіпше, funiculus anterior, алдыңғы орталық саңылау мен алдыңғы түбіршіктің аралығында; бүйір жіпше, funiculus lateralis, алдыңғы және артқы түбіршіктердің аралығында; ал артқыжіпше, funiculusposterior, артқы орталық жүлге мен артқы түбіршіктердің аралығында орналасқан. Жіпшелер нерв талшықтарының будаларынан түзілген. Будалардың үш түрі ажыратылады:
Ассоциативтікбудалар,артқы мүйізде орналасқан ендірме нейрондарды өз сегментіндегі сонымен қатар жоғары және төмен орналасқан 6-7 сегменттердің алдыңғы мүйіздерінде орналасқан қозғалтқыш нейрондармен қосады.Олар сұр затты қоршай орналасқан ақ заттың жіңішке қабатын- меншікті будаларды, fasiculiproprii,түзеді.
Жоғарылаған және төмендеген өткізгіш жолдар филогенездік даму барысында кеш пайда болып (жаңа түзіліс ), жұлын мен мидың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Олар сегментүстілікөткізгішаппаратдеп аталады.
Жұлынның сегменттік ( меншікті) аппараты филогенездік даму барысында ерте пайда болып (ескі түзіліс), шартсыз рефлекстерді қамтамасыз етеді, оның құрамына жұлынның сұр заты, артқы және алдыңғы түбіршіктері және ақ заттың меншікті будалары енеді.
Артқы жіпшеде – жоғарылаған өткізгіш жолдар, бүйір жіпшеде – жоғарылаған және төмендеген өткізгіш жолдар, алдыңғы жіпшеде,негізінен, төмендеген өткізгіш жолдар орналасады.