Қозғалтқыш (эфферентті, эффекторлы) нейрон. Бұл нейронның аксондары нерв- тердің құрамында ағзаларға барады.
Нерв жүйесінің қызметі рефлекстер арқылы іске асады. Рефлекс - организмнің сыртқы және ішкі ақпараттарға (тітіркендіргіштерге) жауабы. Рефлекстер шартсыз және шартты болып екіге бөлінеді.
Туа біткен, тұқым қуалаушы рефлекстер шартсыз рефлекстер деп аталады. Олар жұлын және ми сабауы арқылы іске асады ( төменгі нервтік қызмет).
Жеке өмір сүру барысында организмнің қоршаған ортамен уақытша байланыстар түріндегі арақатынасы шарттырефлекстерарқылы іске асады. Шартты рефлекстер, жоғары нервтік қызметті қамтамасыз ететін үлкен ми қыртысының қатынасуымен жүреді. Бұл рефлекстер арқылы организм өте күрделі қызметтер атқарады.
Рефлекс өтетін жол рефлекстік доға деп аталады. Рефлекстік доғаның құрамына сезімтал, аралық және қозғалтқыш нейрондар енеді. Рефлекстік доға қарапайым және күрделі деп екіге бөлінеді. Қарапайым рефлекстік доғалар арқылы шартсыз, күрделі рефлекстік доғалар арқылы шартты рефлекстер іске асады.
Әдетте, қарапайым рефлекстік доға үш нейроннан тұрады. Жұлын арқылы өтетін қарапайым рефлекстік доғаның бірінші жалғануниполярлы сезімтал нейрондары жұлын түйінінде орналасқан.Олардың рецепторлардан (терідегі, бұлшықеттердегі және т.б.) басталатын шеткі өсінділері жұлын нервтерінің құрамында өтеді.
Рецепторлар арқылы қабылданатын импульс шеткі өсінді арқылы жүріп, нейронның денесінде өтеді де, оның орталық өсіндісі арқылы жұлынның артқы мүйізінде орналасқан екінші, аралықнейронғаберіледі. Нервтік импульс аралық нейроннан алдыңғы мүйізде
орналасқан, үшінші қозғалтқышнейронғакеледі. Қозғалтқыш нейронның аксоны көлденең жолақты бұлшықетте аяқталады.
Аз жағдайда кездесетін ең қарапайым рефлекстік доға тек екі - сезімтал және қозғалтқыщ нейрондардан тұрады (тізе рефлексі). Күрделі рефлекстік доға, ми мен жұлынның өткізгіш жолдарын өткен кезде қарастырылады.
Нерв жүйесі топографиясына байланысты орталық және шеткі нерв жүйесі болып екіге бөлінеді. Орталық нерв жүйесіне (ОНЖ) ми және жұлын жатады. Шеткі нерв жүйесін (ШНЖ) 31 жұлын нервтері мен 12 жұп бассүйек нервтері құрайды.
Қызметіне байланысты нерв жүйесі шартты түрде сомалық(анималдық)және