Алдыңғыми Омыртқалылар эволюциясында алдыңғы мидың, prosencephalon, дамуы басты екі фактормен: сезімталдықтың әртүрінің жетілуімен (алдымен ішкі ағзалық және иіс сезу, кейін көру, есту және т.б.) – бұл организмнің сыртқы ортамен байланысының жақсара түсуін қамтамасыз етті және омыртқалылардың құрғаққа шығуында үлкен маңызға ие болатын шартты рефлекстік байланыстардың дамуымен негізделеді. Құрлықтағы омыртқалылардың алдыңғы миының морфологиялық-қызметтік күрделенуі нәтижесінде ол: аралық ми және соңғы миға бөлінеді.
Аралықми Аралықмидың,diencephalon,келесі бөліктерін: таламустықмиды,thalamencephalon, таламусасты аймағын, hypothalamus, және аралық мидың қуысы - ІІІқарыншаны, ventriculus tertius,ажыратады.
Таламустықмиға,thalamencephalon: 1) таламуснемесе көрутөмпесі,thalamus;2)
таламусүсті, epithalamusжәне 3) таламусарты,metathalamus,жатады.
Таламус (артқы таламус), немесе көру төмпесі, thalamus, сұр заттың жиынтығы, көлемі мен пішіні бойынша кептердің жұмыртқасын еске түсіреді. Оның бүйір қарынша қуысына қараған жоғарғы беті латералды жағынан шекаралық жолақ,striaterminalis,арқылы құйрықты ядродан бөлініп тұрады; алдыңғы жағы төмпешік, tuberculum anteriusthalami,түрінде тарылған ал артқы кеңейген бөлігі жастық, pulvinar, деп аталады.Екі таламустың медиалды беттерінің ортасындағы саңылау түріндегі қуыс III қарынша деп аталады, бұл қуыста таламустарды байланыстыратын таламусаралықдәнекер,adhesiointertalamica, орналасады. Таламус пен гипоталамустың шекарасында жақсы байқалатын горизонталды гипоталамустық жүлге, sulcus hypotalamicus,өтеді. Бұл жүлге алдынан қарыншааралық тесіктен басталып, ортаңғы ми суқұбырының алдыңғы тесігінде
аяқталады. Таламустың алдыңғы, латералды, төменгі және артқы беттерінің барлығы дерлік (жастықтан басқа) көрші аймақтардың милық затымен бітісіп кетеді. Жоғарғы және медиалды беттердің шекарасында таламустың милық жолағы, stria medullaris thalami,өтеді. Ол артқы жағында кеңейіп жүгеншікүшбұрышын,trigonumhabenulae,түзеді. Таламуста 40-қа жуық ядролар бар, олардың ішінде алдыңғы, артқы, медиалды, латералды ядролар (nuclei anteriores, posteriores, mediales et laterales) мен торлы ядроларды (nucl.reticulares) ажыратады.
Таламустың ядроларының көбі соңғы мимен екі жақты байланысады. Жастық ядролары, латералды иінді дене ядролары және ортаңғы мидың жоғарғы төбешігінің ядролары көрудің қыртысасты орталықтары болып табылады. Медиалды ядроларда таламустың барлық басқа ядроларынан шығатын аксондардың бір бөлігі аяқталады. Сондықтан, таламус организмнің сыртқы және ішкі ортадан алатын барлық афферентті импульстерінің қыртысастылық негізгі орталығы қызметін атқарады.
Таламусартыаймағынемесеметаталамус, metathalamus, пішіні жартылай эллипстәрізді медиалды және латералды иінді денелерден тұрады. Медиалды иінді дене, corpusgeniculatummediale,таламус жастығының астында орналасып, ортаңғы мидың төменгі төбешігінің ядросымен бірге естудің қыртысастылық орталығы болып табылады. Латералды иінді дене, corpus geniculatum laterale, жастықтың төменгі-бүйір бетінде, көру жолының латералды шоғырының бойында орналасып, таламус жастығы ядросымен және жоғарғы төбешіктің сұр қабатымен бірге көрудің қыртысастылық орталықтары болып табылады. Сонымен, екі иінді дене жоғарыда көрсетілгендей ( «ортаңғы миды» қара) ортаңғы ми төбешіктермен байланысады.
Таламусүсті аймағына (эпиталамус), epithalamus, томпақ дене, жүгеншік, жүгеншік дәнекері, жүгеншік үшбұрышы және эпиталамустық (артқы) дәнекер жатады.
Томпақ дене, corpus pineale, аралық мидың жоғарғы қабырғасының артқы бөлігінен дамиды, көлемі кішігірім томпақ пішінді, жоғарғы төбешіктердің арасындағы ұңғылда жатады. Ол қызметі бойынша эндокриндік бездерге жатады. Томпақ дененің алдынан екі жіңішке нерв тәждері – жүгеншелер,habenulae,шығады. Олардың томпақ дененің алдыңғы шетінде бір - бірімен қосылатын жері жүгеншікдәнекері,commissura habenularum, деп аталады. Жүгеншелердің алдыңғы шеттері көру төмпелерінің жоғарғы және медиалды беттерінің шекарасында кеңейіп, әр жағынан жүгеншікүшбұрышын,trigonum habenulae, түзеді. Жүгеншік үшбұрышы алдыңғы шетінде милық жолаққа, striamedullaristhalami,жалғасады.
Эпиталамустық(артқы)дәнекер,commissuraepithalamica(posterior),көлденең бағытта бір ми сыңарынан екіншісіне баратын, эпифиздің алдында және төмен жағында
орналасқан нерв талшықтарының жіңішке (1 мм-ге дейін) сабағы. Ол ортаңғы ми суқұбырының алдыңғы тесігінің үстінде үшінші қарыншаның артқы қабырғасында орналасады. Жүгеншік дәнекері мен эпиталамустық дәнекердің аралығында томпақ денеұңғылы, recessus pinealis,жатады.