Таламусасты аймағы (гипоталамус), hypothalamus, қызметтік мәні әртүрлі және эмбриондық шығу тегі бірдей емес құрылымдарды біріктіреді. Оған жұп емізіктәрізді денелер, сұр төмпе, құйғыш, гипофиз, көру жолы мен оның қиылысы жатады.
Емізіктәріздідене,corpusmamillare, – артқы тесіктелген зат пен сұр төмпенің арасында орналасатын, жартылай шартәрізді жұп құрылым. Емізіктәрізді денелер мидың ақ затының қабатымен жабылған, ішінде иіс сезудің қыртысастылық орталығы болып табылатын ядро орналасады.
Сұр төмпе, tuber cinereum, – ортада орналасатын тақ құрылым. Алдынан сhiasmaopticumжәне артынан емізіктәрізді денелер арасында жатады. Төменгі жағында қабырғасы жұқа, қуысты құрылым құйғышқа, infundibulum, жалғасады. Құйғыш жіңішкеріп барып гипофизге, hypophysis, жалғасады. Гипофиз қызметі бойынша эндокриндік жүйеге жатады. Сұр төмпе қуысы жоғарғы жағынан таламусаралық саңылаумен байланысып, екеуі бірге үшінші қарынша қуысын түзеді. Сұр төмпенің алдында көруқиылысы, chiasmaopticum,орналасады. Оның алдыңғы және жоғарғы жағында фронтальды бағытта орналасып, сүйелді дененің құстұмсығына жалғасатын жұқа, шекаралық табақша, lamina terminalis, өтеді. Көру қиылысы, көру жолына, tractusopticus, жалғасады. Шекаралық табақшаға артынан – алдыңғы дәнекер, comissura anterior,жанасып жатады.
Гипоталамуста вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөліктерінің қызметтерін реттейтін орталықтар - ядролар түрінде орналасады. Бұдан басқа ядролар үлкен ми қыртысы мен жұлынды бір-бірімен байланыстырып тұрады.
Үшіншіқарынша,ventriculustertius,эпендимамен қапталған жіңішке ортаңғы саңылау. Үшінші қарынша артынан ортаңғы мидың суқұбырымен, ал алдынан жұп қарыншааралық тесіктер арқылы оң және сол бүйір қарыншалармен байланысады. Үшінші қарыншаның алты қабырғасын ажыратады. Бүйір қабырғалары таламустардың медиалды беттерімен және меншікті гипоталамуспен түзілген. Оларды бір-бірінен таламусастылық жүлге, sulcus hypothalamiscus, бөліп тұрады. Меншікті гипоталамусқа ортаңғы мидың жамылғысы жалғасады. Алдыңғы қабырғасы шекаралық табақша, алдыңғы дәнекер және күмбез бағаналарынан түзілген. Күмбез бағанасы мен таламустың алдыңғы төмпешігінің арасында қарыншааралықтесік(Монройтесігі),forameninterventriculare,орналасады. Бұл тесік арқылы III қарынша бүйір қарыншаларымен
байланысады. Артқы қабырғасы тарылған, жүген дәнекерінен, артқы дәнекерден, оның астындағы ортаңғы мидың суқұбырынан түзіледі. Жоғарыда аталғандай, жүген дәнекері мен артқы (эпиталамустық) дәнекердің аралығында, эпифизге енетін кішкене томпақтықұңғыл,recessuspinealis, жатады. Үшінші қарыншаның түбін chiasmaopticum,tubercinereumмен infundibulum,corporamamillaria,substantiaperforataposterior,жартылай pedunculicerebriтүзеді. Үшінші қарыншаның түбінде екі ұңғыл: көру қиылысы мен шекаралық табақшаның аралығында – көруұңғылы,recessusopticus,және құйғышта – құйғышұңғылы,recessusinfundibuli,Жоғарғы қабырғасы үшіншіқарыншаныңтамырлынегізімен, telachoroideaventriculitertii, түзілген. Тамырлық негіздің құрамына мидың көлденең саңылауы арқылы сүйелді дене мен күмбездің астынан енетін, мидың жұмсақ қабығы және оның астында орналасқан эпителийлік табақша кіреді. Олардың ішінде тамырлыөрім,plexuschoroideusventriculitertiі,жатады.