ВЕГЕТАТИВТІӨРІМДЕР Маңызды вегетативті өрімдерге (plexus autonomicus) келесілерді жатқызады: кеуденің қолқалық өрімі, іштің қолқалық өрімі, жоғарғы шажырқайлық және жоғарғы
құрсақастылық өрімдер. Олардың түзілуіне симпатикалық талшықтар да, парасимпатикалық талшықтар да қатысады.
Кеуденіңқолқалықөрімі (plexus aorticus thoracicus) қолқаның кеуде бөлігі мен оның висцералды тармақтарының бойында орналасып келесі өрімдерді біріктіреді: жүрек өрімі (plexus cardiacus) – қолқаның жоғарылаған бөлігінің, доғасының, өкпе сабауының бойында және өкпе веналарының сол жүрекшеге құйылатын жерінде орналасады; өңеш өрімі (plexus esophagialis) – өңештің адвентициялық қабығының тереңінде орналасады; өкпе өрімі (plexus pulmonalis) – бронхтар мен өкпе түбірінің тамырларын орап орналасып, солармен бірге оң және сол өкпелер тініне кіреді. Кеуденің қолқалық өрімі қолқамен бірге іш қуысына еніп, іштің қолқалық өріміне ауысады.
Іштіңқолқалықөрімі (plexus aorticus abdominalis) іштік қолқа мен оның висцералды тармақтарының бойында орналасады. Қолқалық өрімнен түзілетін ең күшті өрім құрсақөрімі(plexus coeliacus) құрсақ сабауының негізінде орналасады, оның құрамына ірі оң және сол құрсақ түйіндері (gangl.coeliacus dexter et sinister) кіреді.
Құрсақ өрімінің түзілуіне қолқалық өрімнен басқа ішкі ағзалық үлкен, кіші және бел нервтерінің тармақтары мен кеуденің қолқалық өрімінің тармақтары кіреді. Құрсақ өрімі төменінен және алдынан жоғарғы шажырқайлық өрімге жалғасады; құрсақ сабауының тармақтарының бойымен тарала отырып, бауыр және көкбауыр өрімдерін түзіп, көкетке, ұйқы безіне, он екі елі ішекке және бүйректерге тармақтар береді.
Жоғарғышажырқайөрімі(plexus mesentericus superior) жоғарғы шажырқай артериясы бойында және оның қолқадан шығатын жерінде орналасып, бір немесе екі шажырқай түйінін түзеді. Бұл өрім тамырлы тармақтар бойымен тарала отырып, ішекөрімін(plexus entericus) түзеді, ал шажырқай түбірі аясынан шыққаннан кейін шажырқайаралық және төменгі шажырқай өрімдерін (plexus mesentericus inferior) түзуге қатысады. Соңғысының есебінен жоғарғытікішекөрімі(plexus rectalis superior) түзіледі.
Бауыр өрімі (plexus hepaticus) құрсақ өрімінің тікелей жалғасы болып табылады, бауыр қақпасына кіретін және одан шығатын құрылымдар бойында орналасып, көкетке тармақ береді, төменгі оң көкет артериясының басталатын жерінде бір (сирек екі) түйіні орналасады. Бауыр өрімі ұйқы без өрімімен (plexus pancreaticus) және жоғарғы шажырқайөріміменбайланысады.
Асқазан өрімі (plexus gastricus) құрсақ өрімінің тікелей жалғасы болып табылады, асқазан тамырларының бойында орналасып, асқазанның кіші иіні аймағында тармақталады. Бауыр, ұйқы без және жоғарғы шажырқай өрімдерімен байланысады.
Көкбауыр өрімі (plexus lienalis) құрсақ өрімінің тікелей жалғасы болып табылады, көкбауыр тамырларының бойында орналасып, асқазан және ұйқы без өрімдерімен байланысады.
Іштің қолқалық өрімінен түзілетін кішігірім өрімдерге келесі висцералды өрімдерді жатқызады: бүйрекүстібезіөрімі(plexus suprarenalis), бүйрекөрімі(plexus renalis), несепағарөрімі(plexus uretericus), атабез(анабез)өрімі(plexus testicularis ̸ ovaricus), ұйқы без өрімі (жоғарыда айтылған). Іштің қолқалық өрімі төменінен жоғарғы құрсақастылық өрімге ауысады.