Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет149/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

Табанның латералды нерві (n.plantaris lateralis) аттас артерия және венамен бірге табанның латералды жүлгесімен жүре отырып, беткей және терең тармақтарға бөлінеді. Беткей тармағы Ү бақайдың сыртқы, латералды және медиалды беттерінің, ІҮ бақайдың сыртқы және латералды беттерінің терісін және табанның осы бақайларға сәйкес келетін бөлігінің терісін нервтендіреді; бұдан басқа, осы тармақ ІҮ, Ү бақайлардың дисталды бунақтарының сыртқы бетінің терісін нервтендіреді. Терең тармақ mm.interossei dorsales et plantares, lumbricales III, IY, adductor hallucis, flexor hallucis brevis пен кіші бақай томпағының бұлшықеттерін нервтендіреді.
Табанның медиалды нерві (n.plantaris medialis) аяқ басының медиалды жиегінде аттас артериямен бірге бүккіштер ұстағышының беткей және терең жапырақшаларының арасындағы өзекте орналасады. Табанның медиалды артерияларымен және веналарымен бірге m.abductor
hallucis brevis пен бақайлардың қысқа бүккіштерінің медиалды жиегінің арасындағы ұңғылда дисталды бағытталады. Нерв бұл жерде табанның медиалды-дисталды жартысының терісін, І- ІІІ бақайлардың табандық беті мен ІҮ бақайдың медиалды жағының терісін нервтендіретін тармақтарға бөлінеді. Бұдан басқа, табанның медиалды нерві m.flexor digitorum brevis пен mm.lumbricales І, ІІ-ге, үлкен бақай томпағының үлкен бақайды әкелетін бұлшықетінен басқа бұлшықеттеріне және үлкен бақайдың қысқа бүккішінің терең басына бұлшықеттік тармақтар береді.
Құйымшақ өрімі (plexus coccygeus) (S5-Co1) құйымшақ бұлшықеті мен құйымшақ- қылқан байламының жамбастық бетінде орналасады. Одан артқы өтіс аймағының терісін нервтендіретін артқы өтіс-құйымшақтық нервтер шығады.

ВЕГЕТАТИВТІ (АВТОНОМДЫ) НЕРВ ЖҮЙЕСІ
Вегетативті немесе автономды нерв жүйесі (systema nervosum autonomicum) бүтін нерв жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, үлкен ми қыртысымен бақыланады және оның қызметі нерв жүйесінің басқа да бөліктерінің қызметі сияқты рефлекстер түрі бойынша жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, нерв жүйесінің бұл бөлігін жеке жүйеге бөліп қарау оның бірнеше морфоқызметтік ерекшеліктерімен байланысты.

    1. Вегетативті нерв жүйесінің қызметі көп жағдайда (бауырдың, бүйректің бездердің және т.б.) еркімізге бағынбайды.

    2. Вегетативті нерв жүйесінде рефлекторлы доғаның тек эфферентті звеносы болады, бұл доғаның афферентті звеносы нерв жүйесінің басқа бөліктерімен ортақ болады.

    3. Импульстер жылдамдығы вегетативті нерв жүйесінің эфферентті талшықтары бойымен 10 м ̸ с, ал нерв жүйесінің басқа бөліктерінің эфферентті талшықтары бойымен 100 м ̸ с-қа дейін.

    4. Вегетативті нерв жүйесінің талшықтарында нерв жүйесінің басқа бөліктерінің эфферентті талшықтарымен салыстырғанда жұмсақ қабық мүлде болмайды немесе әлсіз дамыған, сондықтан бұл талшықтардың диаметрі кіші (5-6 мкм).

    5. Вегетативті нерв жүйесінің орталық бөлігі де, шеткі бөлігі де біркелкі емес таралған, яғни ошақтар түрінде орналасады.

    6. Соңғы нейрон денесі шетте орналасады. Олардың жиынтығы перифериялық вегетативті түйін түзеді.

    7. Вегетативті нерв жүйесінің орталығынан шығатын эфферентті талшық ағзаға баратын жолында вегетативті түйіндерде үзіледі және сәйкесінше түйінге дейінгі және түйіннен кейінгі деп бөлінеді.

    8. Вегетативті нерв жүйесі жүректі, қан және лимфа тамырларын, лимфа түйіндерін, бездерді, ішкі ағзалардың паренхимасы мен қабырғаларын, көз ядросын нервтендіреді, сондай-ақ тіндерді қоректендіреді (И.П.Павлов).

Вегетативті нерв жүйесінің бас миы мен жұлында орналасатын нерв жасушалары мен талшықтар кешенінен тұратын орталығын және көптеген вегетативті түйіндерден, нервтерден, нерв өрімдерінен тұратын шеткі бөлігін ажыратады.
Топографиялық принцип бойынша вегетативті нерв түйіндерін омыртқа бағанасының екі жағында орналасқан паравертебралды, алдында орналасқан превертебралды және ішкі ағзалар қабырғасында орналасқан интрамуралды деп бөледі.
Қызметтік антагонизм негізінде вегетативті нерв жүйесін симпатикалық (pars sympathica) және парасимпатикалық ( pars parasympathica) деп бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет