Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет165/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

СТАТОКИНЕТИКАЛЫҚ АНАЛИЗАТОР ЖОЛДАРЫ
Статокинетикалық анализатордың бірінші нейрондарының денелері ішкі есту жолының түбінде орналасатын кіреберістік түйінде жатады. Бұл нейрондардың шеткі өсінділері кіреберіс қапшалары мен жартылай дөңгелек түтіктердің түкті жасушаларынан басталады, ал орталық өсінділері кіреберіс түбіршігінің құрамында төртінші қарыншаның бүйір қалташығының түбінде орналасатын медиалды, жоғарғы және төменгі кіреберіс ядроларына барады. Осы жерден жолдар шығады: жоғарылаған – төменгі мишық аяқшаларының құрамында шатыр ядросына барады; көптеген талшықтар медиалды бойлық буда құрамында қосымша, әкететін, шығыршық және көзқозғалтқыш нервтерінің ядроларына бағытталады (бұл бас пен көз алмасының сәйкес жаққа синхронды бұрылуын қамтамасыз етеді); төмендеген - кіреберіс-жұлын жолының құрамында жұлынның алдыңғы мүйізінің қозғалтқыш ядроларына барады.
Нерв импульстері мишық ядроларынан экстрапирамидалық жүйе (мишық-қызыл ядро жолы, мишық-төмпе жолы және т.б.) ядроларына барады.
Статокинетикалық анализатордың бастапқы бөлігінде пайда болған импульстер рефлекторлы түрде жекелеген бұлшықеттер тонусына әсер етіп, олардың еріксіз жиырылуын шақыруы мүмкін. Ырғақты қайталанатын дыбыстардың жүрісті жеңілдететіні, ал ән әуенінің биге көмектесетіні белгілі. Бұл жағдай еңбектің, спорттың, әсіресе хореографияның әр түріне қажет қозғалыстың нақты шартты рефлексті кешенін жасауда ескеріледі.
Статокинетикалық анализатордың маңызды ролі көптеген маман иелерінде: космонавтар, ұшқыштар, теңізшілер және т.б. анық байқалады, бұл мамандарды таңдауда оның қызметіне үлкен көңіл аударуға негіз болады.


ЕСТУ АНАЛИЗАТОРЫНЫҢ ЖОЛЫ
Есту анализаторының жолдары сүйекті иірімді табақша негізінде оның барлық бойында жататын, ұлудың иірімді түйінін (gang. spirale cochleae) түзетін нерв жасушалары денесінің шеткі өсінділері шығатын ұлудың иірімді түйінінің (gang. spirale cochleae) нейроэпителилі құрылымынан басталады. Иірімді түйін жасушаларының орталық өсінділері сегізінші жұп нервтің ұлулық түбіршігінің құрамында оның вентралды және дорсалды ядроларына, сонымен бірге, екі жақтыңда трапециятәрізді денесінің ядроларына барады. Бұл ядролар жасушаларының орталық өсінділері ми аяқшалары мен көпір тұсында медиалды ілмек талшықтарынан сыртқа орналасады, бұл есту жолының бұл бөлігін латералды ілмек деп атауға негіз болды. Латералды ілмек талшықтары медиалды иінді дене жасушаларында (үлкен спецификалық бөлік) және ортаңғы мидың төменгі төмпешіктерінің ядроларында (рефлекторлы бөлік) аяқталады. Есту талшықтары медиалды иінді дене жасушаларынан ішкі капсуланың артқы иінінің дорсалды бөлігі арқылы есту анализаторының қыртысты шетіне, яғни, жоғарғы самай қатпарының аймағына барады. Рефлекторлық бөлік талшықтары импульсті төменгі төмпешіктер ядросының жасушасы арқылы экстрапирамидалық-жұлындық жол арқылы төмендеген бағытта жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізінің қозғалтқыш жасушаларына апарады. Сөйтіп, есту тітіркенуі рефлекторлы түрде қозғалыс әсерін шақыра алады.
Кіреберіс-ұлу ағзасын, сонымен қатар, адамның орталық нерв жүйесін шектен шығар қатты дыбыстардан сақтайтын морфологяиылқ құрылымдар туралы нақты мәліметтер жоқ. Осыған байланысты санитарлық дәрігер көптеген мамандық ауруларына (өндірістік кереңдік және саңыраулық, нерв жүйесінің кейбір аурулары және т.б.) әкелетін, сөйтіп, еңбекке қабілеттілікті төмендететін шумен күресетін құрылым табуға көп көңіл бөлуі керек. Бұл құрылымдардың арасындағы маңыздысы қазіргі кездегі өндіріске енгізіліп жатқан күрделі, жұмысы жетілдірілген, жылдамдықты құрылғылар мен машиналарды бақылауға алу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет