Бассүйектіңмисауытсүйектері Бассүйектің мисауыт бөлігі сүйектеріне жатады: маңдай сүйек, osfrontale; шүйде сүйек, os occipitalе, шеке сүйек, os parietale, торлы сүйек, osethmoidale,сына сүйек, оssphenoidale,самай сүйек, ostemporale.
Шеке және самай сүйектері жұп, басқалары тақ сүйектер.
Маңдай сүйек,osfrontale,негізінен үш бөліктен құралған: қабыршақтық, sguamafrontalis;мұрындық, parsnasalis;және жұп көзұялық.
Маңдай сүйектің қабыршақтық бөлігі бассүйектің төбесін құрауға қатынасады. Мұрындық бөлік мұрын қуысының жоғарғы қабырғасын құраса, көзұялық бөліктің бір беті алдыңғы бассүйектік шұңқырдың құрамына енеді, екінші беті көзұяның қабырғасын түзуге қатысады.Маңдай сүйекте өзі аттас ауалық қойнау орналасқан, ол қалқа арқылы симметриялық екі жартыға бөлінген. Бірде маңдай қойнауы бірнеше жеке қуыстардан тұрса, бірде қойнау тіпті болмауы мүмкін.Маңдай қойнауы құйматәрізді тесік арқылы ортаңғы мұрын жолымен қатынасады.
Маңдай сүйек даму тұрғысынан алғанда алғашқы (бірінші реттік) сүйектерге жатады.
Шүйде сүйек, os occipitalе,базилярлық, pars basilaris; қабыршақтық,squama оccipitalis, және латералдық бөліктерден, pars lateralis (жұп) құралған. Шүйде сүйектің қабыршағының аздау бөлігі бассүйектің төбесін құрауға қатынасса, көп бөлігі сүйектің қалған бөліктерімен бірігіп артқы бассүйектік шұңқырмен бассүйектің сыртқы негізін құрап бассүйектің негізін түзуші сүйектердің құрамына кіреді. Шүйде сүйек даму тұрғысынан алғанда аралас: базилярлық, латералды және қабыршақ бөлімінің төменгі бөлігі шеміршек туындысы (екіншіреттік) болса, ал қабыршақ бөлімінің қалған
бөлігі алғашқы сүйектерге жатады.
Шеке сүйек,os parietale, бассүйек күмбезінің құрамына кіреді. Оның сыртқы және ішкі (милық) беттерін, faciesexterna et facies interna(cerebralis), сонымен қатар төрт жиегін, төрт бұрышын айырады. Маңдайжиегі,margo frontalis,маңдай сүйегімен жанасады, самай сүйектің қабыршақтық жиегіне қабыршақтық жиегі, margo squamosus бағытталған; шүйде сүйектің қабыршағымен шүйделік жиек, margo occipitalis қосылады; шеке сүйектер бір-бірімен сагиттальдыжиекпен,margosagittalisбірігеді.
Шеке сүйектің алдыңғы-жоғарғы бұрышы маңдайлық, angulus frontalis,сына сүйекке қараған бұрышы сынасүйектік, angulus sphenoidalis, артқы- жоғарғы бұрышы шүйделік,angulusoccipitalis, ал самай сүйектің емізіктәрізді бөлігіне бағытталған бұрышы емізіктәрізді бұрыш, angulusmastoideus деп аталады. Шеке сүйек даму жолында дәнекертіндік және меншікті сүйектік сатылардан өтеді, демек ол біріншіреттік (алғашқы) сүйек болып саналады.