Ұршық буыны, articulatio coxae, жамбас сүйектің ұршықтық ойысы мен ортан жілік басынан түзілген. Ұршық ойысының жиегінде – ұршықтықернеу,labrumacetabulare, орналасқан, оның ұршық ойысы тілігінің үстінен өтетін бөлігі – ұршықойысының көлденең байламы, lig. transversum acetabuli, деп аталады. Олар буынның конгруэнттілігін арттырады.
Буын қапшығы ұршық ойысының жиегіне, ортан жіліктің алдыңғы жағында lineaintertrochanterica-ға, артқы жағында cristaintertrochanterica-ның ішкі жағына бекиді.
Ортан жілік мойынының көп бөлігі буын қуысының ішінде орналасады. Ұршық буынын: ұршық ойысының көлденең байламы, ортан жілік басының байламы, мықын- ортан жілік, шонданай-ортан жілік, қасаға-ортан жілік байламдары және дөңгелек аймақ бекітіп тұрады. Ұршық буынының ерекшелігі – ортан жілік басы байламының, lig.capitisfemoris, болуы, ол incisura acetabuli және lig. transversum acetabuli-ден басталып, fovea capitis femoris-ке бекиді. Байлам синовиалық қабықпен жабылған Байламның ішінде ортан жіліктің басын қоректендіретін қан тамырлары өтеді.
Мықын-ортан жілік (Бертини) байламы, lig. iliofemorale (Bertini), қалыңдығы 1 см-дей болатын осы буынның ең берік, мықты байламы (300 кг-ға дейінгі жүктемені ұстайды). Оның дамуы тік жүру қызметімен тығыз байланысты – дененің артқа қарай
құлауына кедергі болады. Байлам мықындық алдыңғы төменгі қылқаннан басталып, ұрышқаралық сызыққа бекиді.
Қасаға-ортанжілікбайламы,lig.pubofemorale,қасаға сүйектің жоғарғы тармағынан басталып, ұршықаралық сызықтың төменгі бөлігіне бекиді.
Шонданай-ортанжілікбайламы,lig.ischiofemorale,буынның артқы жағында орналасқан, шонданай сүйектің денесінің алдыңғы бетінен басталып ортан жіліктің ұршықтық шұңқырына бекиді. Аталған үш байлам буын қапшығымен тұтасқан.
Дөңгелекаймақ,zonaorbicularis,– буын қапшығының фиброзды жарғағының ішінде орналасады, ортан жіліктің мойнын орап өтіп, мықындық алдыңғы төменгі қылқанның астына бекиді.
Ұршық буынының пішіні тостағантәрізді, көпбілікті буын. Фронталды білік айналасында бүгу (105-120°) және жазу (15°-қа дейін), бүгу кезінде сан алдыға, жазу кезінде артқа қозғалады. Сагитталды білік бойынша әкелу (35°-қа дейін) және әкету (75°-қа дейін) қимылдары, вертикалды білік айналасында ішке айналу (пронация) және сыртқа айналу (супинация) қозғалыстары (жалпы айналу көлемі 40-45° шамасында) және шеңбер бойынша қозғалу (циркумдукция) іске асады.
Тіректік қызметіне байланысты ұршық буынындағы қозғалыс көлемі иық буынына қарағанда шектеулі, себебі: ұршық ойысы терең, яғни қосылысатын буындық беттер көлемінің айырмашылығы аз, байламдары жақсы дамыған және буынды күшті бұлшықеттер қоршап жатады. Осыған байланысты ұршық буынының шығып кетуі сирек кездеседі.