Оқулық Жалпы редакциясын басқарған профессор Т. М. Досаев Алматы



бет61/171
Дата18.05.2022
өлшемі0,53 Mb.
#34912
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   171
Байланысты:
(KZ) АДАМ АНАТОМИЯСЫ ДОСАЕВ

Іштің ішкі қиғаш бұлшықеті, m. obliquus internus abdominis:

      • басталатын жері: f. thoracolumbalis (беткей жапырақшасы); linea intermedia cristae iliacae; lig. іnguinale (латералді бөлімі);

      • бекитін жері: артқы будалары – costae10-12; қалған будалары апоневрозға ауысады да, қарама-қарсы жақтағы жалпақ бұлшықеттердің апоневроздарымен қиылыса бітісіп, іштің тік бұлшықетінің қынабын және іштің ақ сызығын түзуге қатысады;

      • қызметі: тұлғаны жиырылған жағына қарай бұрады (бір жақты жиырылғанда); омыртқа бағанасын бүгеді (екі жақты жиырылғанда); қабырғаларды түсіреді, іш тығыршығын түзуге қатысады.



Іштің көлденең бұлшықеті, m. transversus abdominis:
-басталатын жері: costae7-12; fasсia thoracolumbalis (терең жапырақшасы); labium internum cristae iliacae; lig. іnguinale (латералді үштен бірі);
-бекитін жері: іштің алдыңғы бүйір бетінде апоневрозға ауысады да, қарама- қарсы жақтағы жалпақ бұлшықеттердің апоневроздарымен қиылыса бітісіп, іштің тік бұлшықетінің қынабын және іштің ақ сызығын түзуге қатысады;
-қызметі: іш қуысы ағзаларының бекітіліп тұруына жағдай жасайды, іш тығыршығын түзуге қатысады.

  1. Іш бұлшықеттерінің артқы тобы

Белдің шаршы бұлшықеті, m.quadratus lumborum:

  • басталатын жері: labium internum cristae iliacae (артқы бөлімі) et lig.iliolumbale; processus transversus L2-5;

  • бекитін жері: costa12, corpus Th12 et processus transversus L1-4;

  • қызметі: омыртқа бағанасының тік ұсталып тұруын қамтамасыз етеді (екі жақты жиырылғанда); омыртқа бағанасын бүйіріне ию (бір жақты жиырылғанда).

Іштің топографиясы
Іштің тік бұлшықетінің қынабы, vagina m.recri abdominis, екі қабырғасы болады: алдыңғы және артқы, олар ұзына бойына бірдей орналаспаған:

    1. linea arcuata-дан жоғары:

      1. алдыңғы қабырғасы іштің сыртқы қиғаш бұлшықетінің апоневрозынан және іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің алдыңғы табақшасынан құралған;

      2. артқы қабырғасы іштің ішкі қиғаш бұлшықетінің артқы табақшасынан, көлденең шандырдан және ішастардан құралған;

    2. linae arcuata-дан төмен:

      1. алдыңғы қабырғасы іштің барлық жалпақ бұлшықеттерінің апоневроздарынан құралған;

      2. артқы қабырғасы көлденең шандырдан және ішастардан құралған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   171




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет