Көкет күмбезінің оң бөлігі бесінші қабырғаның шеміршегі деңгейінде, ал сол жағы – алтыншы қабырғаның шеміршегі деңгейінде орналасқан. Жоғарғы және төменгі жақтарынан көкет шандырлармен жабылған: сәйкесінше – f.endothoracicaжәне f.endoabdominalis, сонымен қатар сірлі қабықтар – өкпеқаппен және ішастармен қапталады.
Сіңірлі орталықта орналасқан:
Жүректік батыңқы, impressiocordis;
Төменгі қуыс веналық тесік, foramen v.cavae.
Көкеттегі pars muscularis-тің үш бөлігі болады: белдік,қабырғалықжәне төстік.
Белдікбөлігі, parslumbalisүш аяқшасы болады: медиалді, латералді және аралық.
Медиалді аяқшасы, crus mediale оң жағында corpus L4, сол жағында – corpus L3, сонымен қатар lig.longitudinale anterius-тен басталады.Th12 – L1 деңгейінде оң және сол жақ аяқшалары бірігіп, ортаңғы доғатәрізді байлам, lig.arcuatum medianum түзеді, ол қолқалық тесік, hiatus aorticus-ті шектейді.Бұл жерден қолқа және кеуделік лимфа түтігі өтеді.
Әрі қарай бұлшықет талшықтары бөлініп, өңештік тесік, hiatus еsophageus түзеді, ол Th10-11 деңгейінде орналасқан. Бұл жерде өңеш және кезбе нервтер өтеді.
Аралық аяқшасы, crus intermedium, corpusL2-нің бүйір бетінен басталады. Ол crusmediale-ден саңылау арқылы бөлінген, ол саңылау арқылы оң жақта үлкен ішкі ағзалық нерв, n.splanchnicusmajorжәне v.azygos, ал сол жағында – сондай нерв және v.hemiazygos өтеді. Тікелей аралық аяқша арқылы кіші ішкі ағзалық нерв, n.splanchnicusminorөтеді.
Латералді аяқша, crus laterale,медиалді және латералді доғатәрізді байламдардан басталады:
а) медиалді доғатәрізді байлам, lig.arcuatum mediale, m.psoas major-дың үстінен өтіп, L1 денесіне және L2 көлденең өсіндісіне бекінеді;
б) латералді доғатәрізді байлам, lig.arcuatumlaterale,m.quadratumlumborum-ның үстінен өтіп, L2 көлденең өсіндісіне және costa12-ге бекінеді.
Латералді және аралық аяқшалар арасындағы саңылаудан симпатикалық сабау, truncussympathicusөтеді.