а) бүккіш бұлшықеттердің синовиалды қынаптары retinaculum flexorum жиегінен проксималды және дисталды бағытта 1-2 см жоғары орналасады;
б) бас бармақтың ұзын бүккіші сіңірінің қынабы дисталды бунақ негізіне дейін жалғасады;
в) бүккіштердің жалпы қынабы алақанның орта тұсында тұйық бітеді, ал шынашақ аймағында – дисталды бунаққа дейін жетеді;
г) ІІ-ІҮ саусақтарға баратын беткей және терең бүккіштер сіңірлерінің саусақтарда дисталды бунақтар негізі мен алақан сүйектерінің басы аралығында орналасатын, оқшауланған, тұйық аяқталатын синовиалды қаптары болады.
сыртқыбет: жекелеген синовиалды қынаптар проксималды бағытта retinaculumextensorumүстінен 2-3 см шығып тұрады; ал дисталды бағытта алақан сүйектерінің ортасына дейін жалғасады.
АЯҚБҰЛШЫҚЕТТЕРІ Жамбасбұлшықеттері Жамбас бұлшықеттерінің жіктелуі мен топографиясы:
– жамбастың ішкі топ бұлшықеттері: тт.iliopsoas,piriformis,obturatoriusinternus;
– жамбастың сыртқы топ бұлшықеттері: тт. gluteus maximus, gluteus medius,gluteus minimus, quadmtus femoris, gemellus superior, gemellus inferior, tensor fasciae latae,obturatoriusexternus.
Жамбастың барлық бұлшықеттерінің шығу тегі жұлындық болғандықтан (вентралды) - plexuslumbalisetplexus sacralisтармақтарымен нервтенеді.
І.Жамбастыңішкітопбұлшықеттері Мықын-белбұлшықеті,т.iliopsoasкелесі бөліктерден тұрады:
үлкен бел бұлшықеті, т.psoasmajor: