Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет3/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120
өсімдіктер жүйелілігі–өсімдік организмдерінің алуан түрлілігін, 
жіктелуі мен өзара байланысын зерттейді.  Өсімдіктер морфологиясы 
олардың сыртқы құрылысы ерекшеліктерін зерттеумен айналысады. 
Өсімдік анатомиясының міндеті – олардың ішкі құрылыстарын зерттеу. 
Өсімдік ағзасында пайда болатын процестер заңдылықтарын 
анықтаумен 
өсімдіктер 
физиологиясы 
айналысады.Өсімдіктер 
географиясыжер шарында өсімдіктердің таратылу принциптерін 
анықтайды.
Қазіргі уақытта біздің планетамызда 500 мыңға жуық өсімдіктердің 
түрі бар. Өсімдіктер туралы біліммен, ақпаратпен алмасу 
үшін,белгіленген иерархияны сақтай келе,оларды деңгейлері, рангтары 
бойынша: түрі, тұқымы, тұқымдастары, реті, класы, бөлімі,дүниесі 
және т.б. топтастыру қажет. Бұл рангтарды таксономиялық санат деп 
атайды.Таксономиялық санат абстракты және жанжақты, себебі оның 
шеңберіне организмдердің (таксон) кез келгентобын, оның көлеміне 
және иерархиясына байланысты, орналастыруға болады. Осылайша, әр 
өсімдік белгіленген бір түр, тұқым, тұқымдас, класс, бөлімге 
жатады.Осылайша, мысалы, европалық таксон купальницаны (Trolleus 
europaeus) таксономиялық санатқа жатқызады - түрі. Таксон купальница 
(Trolleus)таксономиялық санатқа жатады – тұқымы. 
Өсімдіктің түрін атау үшін аты екі сөзден (зат есім мен сын есім) 
тұспалданатын бинарлық номенклатура қолданылады. Зат есім – тұқым 
эпитеті- тұқымға тәнділігін, ал сын есім – түр-тұқым эпитеті – түрге 
тәнділігін білдіреді. Мысалы, таза ақ су лалагүлі (Nymphaea 
candida)түрінің аты су лалагүлі - тұқым эпитетіжәне таза ақ – түр-
тұқымынан тұрады. 
Бинарлық номенклатура КарлЛиннеймен енгізілді. Өзінің 1753 
жылы жарияланған «Өсімдік түрлері» кітабында Линней өсімдіктердің 
сегіз мыңға жуық түрін сипаттады, олардың бір жарым мыңы ғылымға 
бұрын таныс болған жоқ. Линней өсімдіктерді сипаттау барысында
қолданған жөн болатын ботаникалық терминдер жиынтығын әзірледі. 
Кіріспе 


Өсімдіктің бинарлық атауы жалғыз-ақ болуы керек. Егер өсімдіктің 
бірнеше атауы болса, Ботаникалық номенклатураның халықаралық 
кодексіне сәйкес басымдылық принципі бойынша бұрынғы атауы 
қалады. Бұл өсімдіктің барлық басқа атаулары синонимдері болып 
есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет