Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»


ЖАСУШАНЫҢ  СУБМИКРОСКОПИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ



Pdf көрінісі
бет9/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   120
ЖАСУШАНЫҢ 
СУБМИКРОСКОПИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
 
 
Жасушаның субмикроскопиялық құрамына эндоплазматикалық
желі, 
Гольджи 
аппараты, 
рибосомалар, 
микротүтіктер, 
микрофиламенттер, микроденелер жатады.
Эндоплазматикалық желі (ЭПЖ) мембранамен шектелген және 
ақуыз және басқа қосылыстары бар сұйықтармен толтырылған арна
көпіршік, цистерна жүйелерінін тұрады
ЭПЖ плазмодесмасы арқылы жеке жасушалар арасындағы байланыс 
жүзеге асырылады. ЭПЖ кейбір мембранасы бетіне рибосомалар 
бекітілуі мүмкін, ондайда ЭПЖ-ты кедір-бұдырлы (түйіршіктелген) деп 
атайды. Егер ЭПЖ мембранасының бетітегіс болса, мұндай ЭПЖ-ды 
тегіс(агранулярлы) деп атайды.
Эндоплазматикалық желі келесі функцияларды атқарады:
■ 
жасушаның ішкі бетін ұлғайтады; 
■ 
жасушаларды бір тұтас байланыстырады, тітіркенуді жіберуге 
қызмет етеді;
■ 
ақуыз, көмірсутек, липидтердің синтезі мен тасымалына қатысады;
■ 
жасушаның зиянды қосылыстарын бейтараптандыруға қатысады; 
■ 
жасуша қабырғаларының синтезіне қатысады; 
■ 
заттардың ішкі- және жасушаралық тасымалын қамтамасыз етеді. 
Гольджиаппаратыдиктиосома (цистерналар) және везикулармен 
(көпіршіктер) ұсынылған. Гольджи аппаратының негізгі қызметі – 
плазмалемма және жасуша қабырғасын қалыптастыруға қатысу. 
Рибосомаларда мембраналар жоқ. Олар екі суббірліктен 
тұрады.Рибосомалардың химиялық құрамына ақуыз жәнерибосомальді 
РНКкіреді. Әр жасушада бірнеше ондаған мың рибосома бар. Олар 
цитоплазма, хлоропласт және митохондрияларда бар. Цитоплазма 
рибосомаларының митохондрия және хлоропласт рибосомоларынан 
айырмашылығы бар. 
Цитоплазмада рибосомалардың бір бөлігі жеке-жеке тұрады, ал 
басқа бөлігі бірнеше рибосомалардан тізбек — полирибосомаларды 
құрастырады,немесе полисомдар
 


Рибосомалардың негізгі қызметіақуыздарды синтездеу болып 
табылады.Полирибосомның болуы бір және сол ақуыздың бірнеше 
ондаған молекулаларын бір уақытта синтездеуге мүмкіндік береді.
Микротүтіктің,рибосомалар сияқты мембраналық құрылысы жоқ 
және спираль бойынша қуыс түтікке қосылған ақуыз глобулынан 
тұрады. Микротүтіктердің негізгі қызметі цитоплазма қозғалысын 
қамтамасыз ету болып табылады.
Микроденелер — мембранамен шектелген және тығыз матриксі бар
дөңгелек 
органиодтар. 
Микродененің 
екі 
түрі 
зерттелген: 
пероксисомажәнеглиоксисома. 
Пероксисомаларсутегі 
тотығын 
бейтараптандыруға қатысады. Глиоксисомалар,микродене майларына 
бай, ұрығының дамуы кезінде май қышқыларын қантқаөзгертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет