Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет48/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   123
Жауабы: 1. Тауықтар айдарының пішіні, тәуелсіз тұқым қуалайтын комплементарлық әсері бар екі ген арқылы анықталады. Белгілердің ажырауы 9 : 3 : 3 : 1 қатынасында.
2. Әтештің генотипі – ааВВ, тауықтікі – ААвв, Ғ1 – ұрпақ будандарының генотипі – АаВв.
3. Ғ2 ұрпақта алынған жай айдарлы тауықты аталық қоразбен шағылыстырғанда, барлық балапандар роза тәрізді айдарлы болады.


2-есеп. Гүлі күлгін түсті жоңышқа өсімдігін гүлі сары түстісімен будандастырғанда бірінші ұрпақта алынған өсімдіктер гүлінің түсі жасыл болған. Жасыл гүлді өсімдіктерді өзара тозаңдандырғанда белгілер екінші ұрпақта ажыраған: 169 жасыл гүлді, 64 күлгін, 67 сары және 17 ақ гүлді болған. Белгілер қалай тұқым қуалайды ?
Р ♀ күлгін х ♂ сары
Ғ1 жасыл
Р♀ жасыл х ♂ жасыл
Ғ2 169 жасыл
64 күлгін
67 сары
17 ақ
317
Шешуі: 1. Бірінші ұрпақта жаңа белгі түзілген.
2. Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы моногендіге ұқсамайды, төрт фенотипті класс пайда болған. Яғни, дигенді бір гаметаның үйлесу мөлшерін табамыз. Екінші ұрпақта алынған өсімдіктердің жалпы санын 16-ға бөлеміз: 317:16 = 19,8. Тәжірибеде белгілердің ажырауы бойынша 169 : 19,8= 8,5 жасыл; 64:19,8=3,2 күлгін; 67: 19,8=3,3 сары және 17:19,8=0,9 ақ немесе 9: 3:3:1 қатынасында болады. Бұл ажыраудың түрі аллельді емес гендердің өзара әсерінің комплементарлық типіне жатады. Сонда АаВв – жасыл, Аавв – күлгін, аавв – ақ. Белгілердің ажырау сипаты А және В гендерінің тәуелсіз тұқым қуалауын дәлелдейді. Ата-аналық өсімдіктің генотипі: Аавв – күлгін, ааВв – сары. Бірінші ұрпақтың генотипі АаВв – жасыл болған.
Жауабы: Жоңышқа өсімдігі гүлінің түсін тәуелсіз тұқым қуалайтын екі ген бақылайды, олардың өзара әсерінен жаңа белгі пайда болып 9 : 3 : 3 : 1 қатынасында ажырайды.


Бақылау есептері:
1. Жасыл түсті жүгері өсімдігін өзара шағылыстырғанда жасыл және ақ (леталь) өсімдік алынған. Ата-аналық өсімдіктің генотипін және алынған мәліметтерді түсіндіріп беріңдер.
2. Екі жасыл түсті жүгері өсімдік өзара будандастырғанда ұрпағының бөлігі жасыл түсті, ал бояусыз болған. Бұл нәтижелерді қалай түсіндіруге болады? Ата-аналық өсімдіктердің генотипін анықтаңдар.
3. Ақ түсті тұқымы бұдыр жүгері өсімдігін, қара қошқыл түсті тұқымы тегіс өсімдікпен шағылыстырғанда Ғ1 ұрпақта өсімдіктердің барлығы ақ түсті, тұқымы тегіс болған. Ал Ғ2 ұрпақта белгілердің ажырауы мына төмендегіше:
808 ақ, тегіс
249 ақ бұдыр
202 қара қошқыл тегіс
50 қара қошқыл бұдыр
1309

Талдаушы шағылыстырудағы белгілердің ажырауы:


135 ақ, тегіс
150 ақ бұдыр
40 қара қошқыл тегіс
52 қара қошқыл бұдыр
377
Осы белгілер қалай тұқым қуалайды? Ата-аналық өсімдіктердің Ғ1 ұрпақтың генотиптерін және өсімдік анализатордың фенотипін анықтаңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет