Оқулық Сараптамашыға ескерту!



бет2/123
Дата03.12.2023
өлшемі13,22 Mb.
#132872
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123
ӘОЖ
КБЖ
ISBN

© А. С. Сартаев, Р. Қ. Жексембиев, 2014


© ҚР Жоғары оқу орындарының

қауымдастығы, 2014


Кіріспе

Генетика – тірі ағзалардың тұқымқуалаушылық және өзгергіштік қасиетін зерттейтін ғылым. Қазіргі кезде биология ғылымының бір саласы ретінде генетика қарқынды дамуда. Мысал ретінде, ХХI ғасырдың басында (2003 ж.) аяқталған “Адам геномы” халықаралық бағдарламаны алуға болады. Осы бағдарламаны орындау барысында тұқым қуалайтын ауруларға жауапты гендердің хромосомада орналасқан локусы, нуклеотидтер жиынтығы анықталып, алынған жаңа генетикалық ақпараттар нәтижесінде аурулардың алдын алу және емдеу жүйесі құрылуда. Осы бағдарлама өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер генетикасының дамуына да өз үлесін қосты.


Биолог болам деген мамандар тұқымқуалаушылықтың заңдарын білуі қажет. Генетикадан білім беруде жаңа технологияларды пайдалану мамандарды жаңа деңгейге көтеріп, кәсібилігін арттырады. Биологиядан мамандар даярлайтын педагогикалық институттарда, университеттерде генетика пәнінен зертханалық жұмыстарға және дала практикасына көптеген сағаттар бөлінеді. Осы жұмыстарды орындау барысында мұғалімдер бағдарламаға сәйкес жазылған оқулық болмағандықтан студенттердің білімдері толық болмай шығады. Осы мәселені ескере отырып, оқулық авторлары көп жылдар бойы дәріс берген ұстаздар, бағдарламаға сәйкес зертханалық жұмыстар және дала практикумын ұсынып отыр. Практикумда 15 зертханалық, 2 семинарлық және 8 далалық оқу практика жұмыстары бар. Практикумда орындалатын жұмыстар бағдарламаға сәйкес жеке тақырып ретінде берілген. Осымен қатар тест тапсырмалар, қосымшалар келтірілген. Практикумның ерекшелігі – студенттердің жұмысын жеңілдету мақсатында тапсырмаларға түсініктеме бөлімінің кеңейтіліп берілуі. Берілген тапсырмаларды орындау барысында студент ғылыми-зерттеулердің элементтерімен танысады. Мысалы, тұқымқуалаушылықтың цитологиялық негізі бөлімінде «Жасушаның митоздық және мейоздық бөліну” тақырыбына арналған зертханалық жұмыстарда өсімдіктер тамырының меристемасынан уақытша цитологиялық препарат жасау техникасымен танысса және митотикалық индексті анықтаса, ал мейоздық бөлінумен танысу үшін жазғы дала практикумда астық тұқымдас өсімдіктердің жас тозаңдарынан материал дайындап, зертханалық сабақтарда талқылайды. Осымен қатар «Шағылыстырулардың түрлері» тақырыбында зерттеу нысаны ретінде дрозофила шыбыны, бұршақ, бидай өсімдіктері алынған. Практикумда әр жұмыстың соңында деңгейлі бақылау сұрақтары және қазіргі генетиканың есептері беріліп, олардың шығару жолдары көрсетілген. Генетикадан зертханалық жұмыстар және дала практикумын орындау барысында студенттер болашақта дипломдық жұмыстардың орындау тәсілдерімен, тәжірибе қою әдістерімен және алынған нәтижелерді сараптай білуді үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет